Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның аруы Әлия Мергенбаева кітап оқымайтынын шатасып айтқан болып шықты

Ол «Қазақстан аруы – 2015» байқауының финалында жалпақ жұртқа кітаптың бетін ашпадым деп жар салған еді. Енді ол кітап оқымағаны жөнінде шатасып айтқанын, сұрақ қойған кезде қобалжығанын айтады.

Әлия Мергенбаева

“Шынымды айтайын, мен жалпы кітап оқыған жоқпын. Кітап оқымасам да, телефоннан, интернеттен бір қызықты оқиғаларды оқығанды ұнатамын”, – деген болатын Әлия Мергенбаева сайыс кезінде.

Ол  сахнада қобалжып, өз ойын толық жеткізе алмағанын айтады. 17 жастағы Маңғыстау туризм колледжінің студенті білім ордасының бағдарламасындағы әдебиет, тарих секілді оқулықтарды оқиды екен. Анасына бауырларын бағуға көмектескендіктен өзге кітаптарды ізденіп оқуға қолым тие бермейді деп ағынан жарылды. Әлия әлеуметтік желілерде көп қойылған «жүлдені сатып алған шығар?» деген сұраққа қатысты да ойын айтты.

“Мүмкін мен өзімді жақсы қырымнанкөрсеткен соң, қазылар алқасына  ұнаған шығармын. «Қазақстан аруы» байқауынан кейін көп өзгерістер болды. Мені бәрі тани бастады”, – дейді ару.

Талқылау