Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Футбол жанкүйерлері үшін қуанышты хабар! Әртістерден құралған “Алатау” командасы футболдан әлем чемпионы атанды.

18950208_300446943758640_1380294852758994944_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық әртістер финалда Ұлыбритания құрамасына қарсы ойын өткізіп, оларды 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Әртістер арасындағы әлем чемпионаты Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтті.

Айта кетейік, “Алатау” футбол командасының құрамында Мұқасан Шахзадаев, Нұржан Керменбаев, Тәуекел Мүсілім, Арман Қоңыр, Рысбек Аташ, RinGo тобы, Әділ Ахметов, Ғаділбек Жаңай сынды танымалдар бар.

19050588_303790873401249_6625634494630068224_n

Естеріңізде болса, топтық кезеңде отандық құрама Аргентина, Түркия, Румыния сынды футболдың жілігін шаққан елдерді жеңген еді. Жартылай финалға шыққан “Алатау” командасы артынша Сербия командасынан басым түсіп, финалға жолдама алды.

Жіберіп алмаңыз:

Бұрынғы екі күйеуіне зәулім үйлерін қалдырып кеткен Шахизаданың өзі қайда тұрып жатыр? (фото)

Ернар Айдардың бозбала шақтағы суреттері жұртты сүйсіндірді (фото)

Баян Мақсатқызы: Мен біреудің иті, ал Тұрсынғали біреудің бұзауы емес

Жаңа бейнебаян: Қайрат Нұртас сүйіктісінің көзіне шөп салды (видео)

 

Талқылау