Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның әр түкпірінен келген адамдар Есет батырдың басына барып тілек тілеп жүр (фото)

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында әйгілі Есет батырдың мавзолейі орналасқан.

Фото: Айгюзель Кадир

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Өлі разы болмай, тірі байымайды”, – дейді ауыл тұрғыны. Жергілікті тұрғындар кіші жүз батырының жерленген орынын қасиетті деп санайды. Жақсылық пен нығмет сұраған жұртшылық бірнеше жылдан бері Есет батырдың басына барып тәу етіп жүр. Есет батырдың есімі парсы тілінен аударғанда “лайықты” дегенді білдіреді. Халық оны жерімізді қалмақтар мен жоңғарлардан қорғап қалған қаһарман деп таниды.

“Есет батыр 82 жасында өмірден өтті. Ол “тархан” деген сирек берілетін атақты иеленген адам. Оған дейін оны Жәнібек хан ғана еншілеген. Тархан – фельдмаршал іспетті әскери атақ”, – дейді ауыл әкімі Қанат Дәулеталин.

1710 жылы тама руының басшысы болып, одан Тәуке хан ел билеген тұста жетірудің қолбасшысы атанып, халқының құрметіне бөленген. Аңыз бойынша ол жауға қарсы 27 рет жекпе-жекке шығып, ешбірінде жеңілмеген.

“Есет батырдың ең бір өкініші өз ізін жалғастыратын адамның болмағаны. Оның ұлын жау тұтқындап кеткен”, – дейді Дәулеталин.

Қаншама ғасыр өтсе де, Есет батыр ұлы қазақ даласында ұрпақтарына қасқая қарап тұр.

“Есет тархан өзі өлгеннен кейін басын шығысқа, ал аяғын батысқа қаратып жерлеуін өтінген”, – деді ауыл әкімі. Мавзолей шырақшысы дұға оқып, батырдан тыныштық пен бейбітшілік болуын тілейді.

Мазар 1992 жылы батырдың 325 жылдығын тойлаған кезде салынған. Қазір бұл жерде жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен келушілердің түнеуі мен ас беруі үшін арнайы нысандар салынған.

Ақсақал Қасен Көптілеуұлының айтуынша, кешен тұрғызылмай тұрып келушілер арнайы палаткалар тігіп түнеген екен.

“Бұл жердің шипалық қасиеті бар, энергиясы да ерекше. Әйелдер келіп балалы болуын тілейді. Тілектері орындалған отбасыларды да білемін. Сосын олар келіп алғыстарын білдіреді”, – дейді ақсақал.

Қазіргі таңда кешенге кірер алдында орындау керек арнаулы ережелер бекітілген.

“Біз батыр бабаларымызды құрметтейміз. Есет батыр қазақ халқын қорғап, кіші жүз ханы Әбілқайырды қолдаған”, – дейді Ербол. Қазан айының аяғында ауылда Есет батырдың 350 жылдығы аталып өтілмек. Өңір қонақтардың келуіне дайындалып жатыр. Мерейтойлық датаға орай мемориалды кешен жанынан салмағы 1,5 тонна болатын монумент салынған.

Оқи отырыңыз:

Миллионер Қайрат Құдайберген: Елдің жағдайын көзбен көру үшін аптасына бір рет автобуспен жүрем

Шымкент мамандары ауыр хәлде жатқан науқасқа дәрігер жіберуге тағы да тапсырыс берген

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

Ақша танымайтын әжей сатып алушылардың айтуы бойынша қайтарым ақшасын беріп есептесіп жүр

Талқылау