Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 8 облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды 

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын  ұсынды. Мамандар еліміздің басым бөлігіне ескерту жариялады.

Қазақстанның 8 облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды 

29 қарашада Ақмола облысында жауын, қар жауады. Жел соғып, жер беті көктайғақтанады. Жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болатын дауыл соғады. 30 қараша күні күндіз 25 градусқа дейін суық болады. Елордада қар жауады, көктайғақ болады.

БҚО-да күндіз 10-15 градус, кей жерде 18 градус суық болады.

Павлодар облысында түнде 25 градустық аяз, күндіз 15-20 суық болады. Бұл өңірде де жел соғып, көктайғақтанады.

Қарағанды облысында күн қарлы болады. Күн суып, аяз 23-28 градусқа дейін жетеді. ШҚО-да күн жауын-шашынды, дауылды болады. Бұл аймақта да 23-28 градустық суық басталады.

Ақтөбе облысының 18 м/с екпіндегі жел соғады. Мұнда да бұрқасын мен көктайғақ болады. Маңғыстау облысында күн тұманданады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау