Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 7 өңірінде пәтер бағасы қымбаттады

Пәтер бағасы соңғы екі жылда алғаш рет қымбаттады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Баспана мәселесі әлі де Алматы қаласында қиын болып тұр. Қазан айында шаршы метрінің құны 350 мың теңгеге дейін көтерілді. Пәтер бағасы бір ай ішінде 2,5%-ға өскен. Сонымен қатар Қарағанды, Семей, Петропавл, Ақтау және Көкшетау қалаларында баспана бағасы қымбаттады. Ал астаналық пәтерлер бағасы 1%-ға төмендеген. Мұндағы пәтердің шаршы метрінің құны 315 мыңнан жоғары. Оған қоса Ақтөбе, Өскемен және Павлодар қалаларында пәтер бағасы өзгерген. Ал Тараз қаласында пәтер құны 3,5% , Шымкент қаласында 2,2%-ға төмендеді.

Жіберіп алмаңыз:

Енді «шуба» жарнамалағандар жауапқа тартылады

Ақмола облысында мамонттың сүйектері табылды

Әліпби оқимыз: латынға арналған бейнеролик жарияланды

Талдықорғанда өз ұлын зорлаған мектеп директоры сотталып жатыр

Талқылау