Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 2 азаматы АҚШ-та кибералаяқтық жасады деп айыпталуда

Нью-Йорк прокуратурасы Қазақстанның екі азаматы мен 6 ресейлік азаматты кибералаяқтық жасап, 36 миллион доллардан (13 млрд 350 млн теңгеден астам) аса ақшаны ұрлады деп айыптап отыр.

Қазақстанның 2 азаматы АҚШ-та кибералаяқтық жасады деп айыпталуда

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, аталған іс бойынша Қазақстан азаматтары Сергей Овсянников мен Евгений Тимченко, сонымен қатар ресейлік

Александр Жуков, Борис Тимохин, Михаил Андреев, Денис Авдеев, Дмитрий Новиков, Александр Исаев өтіп жатыр. Овсянников, Жуков пен Тимченко Малайзия, Болгария және Эстонияда қолға түскен. Ендігі олар АҚШ-қа экстрадициялануы мүмкін. Ал қалғандары бостандықта жүр.

Сонымен қатар Нью-Йорк прокуратурасы қазақстандық және ресейлік азаматтардың бірнеше жыл бойы интернет-боттар, жалған паарқшалары және вирустық бағдарламаларды пайдаланып, тапсырыс берушілерге өздерінің жарнамаларының қаралымы туралы өтіріқ ақпараттарды сатқанын айтты.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, ҚҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров қазақстандық елшілердің бұл ақпаратты тексеріп жатқанын айтты.

«ҚР-ның Нью-Йорктегі бас елшілігі АҚШ билігімен сырттай айыпталған Евгений Тимченко мен Сергей Овсянниковтың Қазақстан азаматтығына қатысы бары туралы ақпаратты тексеріп жатыр», – дейді Смадияров.

Ресейдің Нью-Йорктегі бас елшілі ресейлік 6 азаматқа кибералаяқтық туралы тағылған айыпты растады. Қазіргі уақытта олардың АҚШ-қа экстрадициялануы күтілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау