Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

Сейсенбі, 12 Шілде , 2016 17:50

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) 2016 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін ұсынады.

kaznu-pik-1024x774

Білім беру саласындағы рейтинг сапасына қазіргі таңда қойылатын талаптар өсуде, өйткені университеттердің рейтингі талапкерлердің ЖОО таңдауына ықпал жасайтын басты фактор болып отыр. Сондықтан рейтинг осы замандағы үлкен ақпараттық, соның ішінде жарнамалық бағытта, жастарға өз таңдауын дұрыс қалап алуға көмектеседі деп санаймыз.

БСҚА Ұлттық рейтингі көпөлшемді рейтинг болып саналады немесе оны басты рейтинг деп атайды, себебі ол үш құрастырушы: 1, 2 және 3 сауалдамадан тұрады. 1-ші сауалдама студенттер контингенті мен құрамын, олардың білім нәтижелерін, профессорлық-оқытушылар құрамы қызметінің сапасын, ЖОО-ның ғылыми және инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастығын қам­титын академиялық статистикалық индикаторлар мен критерийлерді, сонымен бірге, Интернеттегі ақпараттық көрсеткіштерді ұсынады. 1-ші сауалдаманың индикаторлары мен критерийлері сипаттамасы агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген. 2-ші сауалдама ЖОО сарапшыларының алдында ЖОО-ның мәртебесін көрсетсе, 3-ші сауалдама жұмыс берушілер алдында ЖОО-ның мәртебесін көрсетеді.

Рейтингте ЖОО-ның ақпаратымен бірге ЖОО-ның түлектері бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, ОЖСБ мәліметтері бойынша Ұлттық тестілеу орталығынан алынған тәуелсіз дереккөздері, ғылыми мақалалардың Web of Science және Scopus тәуелсіз базасындағы оқытушылардың басылымдары, ҚР БҒМ жыл сайынғы «Жылдың үздік оқытушысы» конкурсы нәтижелері қолданылды

Қазақстанның үздік ЖОО Ұлттық рей­тингі тізімінде еліміздің тек 52 оқу орны көрсетілген. Олар 1-ші сауалнамада көрсетілген академиялық ресурстың 70 максималды баллының 33%-дан төмен емес балл алған ЖОО. Сондықтан көпбейінді ЖОО санатында тек 18 оқу орны; техникалық – 13; гуманитарлық-экономикалық – 12; өнер ЖОО – 1; медициналық – 3; педагогикалық – 5 оқу орны көрсетілген.

Рейтингтің барлық үш сауалдамасы бойынша интеграцияланған нәтижелер газетте жарияланған, ал рейтингтің әр сауал­дамасы және әр индикаторы бойынша нәтижелер агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген.

Бағдарламалық рейтингте 2016 жылы 42 ЖОО 143 бакалавр мамандықтары (670 бағ­дарлама) және 131 магистратура мамандықтары (389 бағдарлама) бойынша қатысты. Рейтингке қатысқан барлық білім беру бағдарламаларының жалпы саны 1200-ге жуық. Ұсынылған бағдарламалар саны және нәтижелер бойынша жетекші ЖОО үштігіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (147), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (120) және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (101) енді, олар туралы ақпарат агенттіктің сайтында ұсынылған.

Рейтингтің қорытындысын БАҚ, толық ақпаратты агенттіктің сайтына жариялай отырып, агенттік қоғамға ЖОО қыз­метінің көрсеткіштерін ұсынады. Бұл көрсеткіштер қандай да бір талдаудың, мүмкін, неге бұл ЖОО рейтингтің алдында немесе соңында тұр, неге басқа маңызды көрсеткіштер ескерілмеді деген қандай да бір сынның тақырыбы болады деп ойлаймыз. Рейтингті құрастырушылар ретінде сындарлы сынды біз міндетті түрде ескереміз, бірақ рейтингтік балдары төмен ЖОО-ның басшылығы қандай себеппен олардың көрсеткіштері төмен екенін өздері түсінеді деп ойлаймыз. Сондықтан рейтингке қатысушы барлық ЖОО әкімшілігіне өздерінің материалдарына және рейтинг нәтижелеріне терең талдау жасауын ұсынамыз. Сонда жетекші-ЖОО өздерінің жетекшілік орындарын қалай сақтап қалу керек, ол үшін резервті қайдан алу керек, орта буындағы ЖОО алға шығу үшін қандай секіріс жасау керек, соңғы орындағы ЖОО өздерінің ең әлсіз орындарын тауып, өздерінің позициясын күшейту үшін стратегиялық жоспарға қандай шараларды қосу керек екен сияқты сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алады. Агенттік ЖОО-дан алынатын мәліметтердің максималды түрде тәуелсіз болуы үшін өзінің әдіснамасын алдыңғы қатардағы жаһандық және ұлттық рейтингке жақындату арқылы рейтингтің жекелеген позициясын әрі қарай жетілдіреді, бұл білім сапасын бағалайтын рейтингтің максималды дәйектілігіне жетуге мүмкіндік береді.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі барлық талапкерлер мен олардың ата-аналарына табыс және жоғары оқу орнын дұрыс таңдауды тілейді. Агенттік Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі оларға оқу орнын дұрыс таңдауға көмектеседі деп сенеді!

Қазақстанның үздік көпбейінді жоғары оқу орындарының рейтингі-2016

Орны

Атауы

Балдары

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

99,39

1

Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

99,39

3

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

62,61

4

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

61,41

5

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

58,28

6

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

53,33

7

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

49,18

8

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

48,95

9

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

48,34

10

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

48,15

11

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

45,64

12

Инновациялық Еуразия университеті

45,41

13

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

44,45

14

Сүлеймен Демирел атындағы университет

44,16

15

Халықаралық білім беру корпорациясы

38,34

16

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

38,14

17

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

32,68

18

Каспий қоғамдық университеті

30,54

Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындарының рейтингі-2016

Орны

Атауы

Балдары

1

Қазақстан-Британ техникалық университеті

98,69

2

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

89,47

3

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

75,21

4

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк техникалық

66,85

университетi

5

Алматы технологиялық университеті

66,45

6

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

64,29

7

Алматы энергетика және байланыс университеті

63,41

8

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

59,56

9

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

56,77

10

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

54,08

университеті

11

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

52,86

12

Рудный индустриялық институты

44,95

13

Еуразия технологиялық университеті

34,96

Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының рейтингі-2016

Орны Атауы

Балдары

1

ҚМЭБИ университеті

100,00

2

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

83,38

3

Алматы менеджмент университеті

73,01

4

«Нархоз» Университет

72,04

5

«Тұран» университеті

69,73

6

«Болашақ» академиясы

60,28

7

Қаржы академиясы

57,28

8

«Тұран-Астана» университеті

55,11

9

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

52,90

10

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

52,65

11

Қазақстан-Американ еркін университеті

50,98

12

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

43,57

Қазақстанның үздік өнер жоғары оқу орнының рейтингі-2016

Орны Атауы

Балдары

1    Қазақ ұлттық өнер университеті

100,00

Қазақстанның үздік медициналық жоғары оқу орындарының рейтингі-2016

Орны

Атауы

Балдары

1

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті

100,00

2

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті

74,57

3

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

68,03

Қазақстанның үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының рейтингі-2016

Орны

Атауы

Балдары

1

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

99,94

2

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

87,75

3

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

85,32

4

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

73,67

5

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

65,80

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар