Қазақстанның үздік жеңіл атлеттері марапатталды

Бейсенбі, 7 Желтоқсан , 2017 19:33

Бүгін Астанада ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл үздіктерін марапаттады, деп федерация баспасөз қызметі.

Аталған шарада Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері федерация президентінің қолынан алғыс хатпен қаржылай сыйақы алды.

Естеріңізде болса, Түрікменстан астанасында Қазақстан жеңіл атлеттері жалпы саны 10 медаль жеңіп алған болатын. Оның ішінде 6 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.

Ольга Рыпакова үш қарғып және ұзындыққа секіруден топ жарса, Виктория Зябкина 60 метрге жүгірудің үздігі атанған. Сырықпен секіруші Сергей Григорьев пен ядро серпуші Иван Иванов және 400 метрге жүгіруші Элина Михина да чемпиондардың қатарында.

Сондай-ақ жүлдегерлер қатарында Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Анастасия Виноградова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру) бар.

Биылғы жылы Лондонда өткен әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген, «Гауһар лиганың» финалдық кезеңінің жеңімпазы атанған Ольга Рыпакова «Жылдың үздік жеңіл атлеті» атанды. «Жеңіл атлетика федерацясының спортшылардың еңбегін бағалап, осындай құрмет көрсетіп жатқанына алғыс білдіремін.

Шынын айту керек, мұндай марапат алғаш рет болып тұр. Сондықтан спортшылар федерацияның қазіргі басшылығына алғысын білдіреді», – деді Ольга Рыпакова. Ал «2017 жылғы ең үздік жоба» болып, «ALTAY athletics» клубы танылды. Жүлде клубтың құрылуына өз үлесін қосқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке табысталды.

«Жылдың үздік аймақтық федерациясы» номинациясын Қарағанды облысы жеңіп алды. Салтанатты шараға облыстық федерацияның президенті, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев қатысты.

Одан бөлек, Ұлттық Олимпиада комитеті 25 жылдық мерейтойына байланысты дайындаған Олимпиада ойындарында атой салған жеңіл атлеттер Ольга Шишигина мен Дмитрий Карповқа арнайы төсбелгі табысталды.

Оқи отырыңыз:

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Ерке: Желіде Ерке, теледидарда Ерке, тойда мен халық жалығып кетеді ме деп қорқам

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар