Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның жаңа бас прокуроры тағайындалды 

Бүгін, 18 наурызда, Қайрат Қожамжаров Қазақстанның бас прокуроры қызметінен кетіп, оның орнына жаңа бас прокурор тағайындалды. Елбасының тағайындауымен, бұл қызметке Ғизат Нұрдәулетов келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ғизат Нұрдәулетов

Қайрат Қожамжаров өзге жұмысқа ауысуына байланысты бас прокурор қызметінен босатылды.

«Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының бас прокуроры болып тағайындалсын», - делінеді хабарламада.

Ғизат Нұрдәулетов бұған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр