Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кәсіподақтары бұрынғы депутатты президенттікке ұсынды

Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы алдағы президент сайлауына үміткерді ұсынды. Осылайша, кәсіподақтың Батыс Қазақстан облысындағы өңірлік бірлестігінің төрағасы, бұрынғы депутат Амангелді Таспихов үміткер атанды.

Амангелді Таспихов

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

24 сәуіпде Кәсіподақтар федерациясының отырысында Амангелді Таспиховтың кандидатурасы мақұлданды. 

Кәсіподақтар атынан ұсынылған тағы бір кандидат, федерация төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев сайлауға түсуден бас тартты. 

«Менің әрі қарай ұсынылуым мүмкін емес. Себебі менің мемлекетті тілді білу деңгейім әрі қарай жылжуыма мүмкіндік бермейді», - дейді Тінікеев. 


 

Талқылау