Қазақстаннан Түркияға баратын туристер саны екі есеге төмендеп кеткен

Бейсенбі, 21 Шілде , 2016 16:48

Қазақстандықтар үшін Түркия жазғы демалыс кезінде жиі таңдалатын мемлекеттер санатында. Осыған байланысты арнайы маман еліміздің биылғы қарқыны туралы айтып өтті.

1468647325y77aw_1000x768

Фото: vlast.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Қазіргі таңда Түркияда да, Қазақстанда да ұшуға еш тыйым жоқ. Сол себепті туроператорлар райынан қайтқан туристерге әуе билетінің ақшасын қайтарып бермейді. Ал қонақүйлерге қатысты еш қиындық жоқ. Азматтық авиция комитеті қауіп деңгейін қарастырып немесе елдің қауіпсіздігі туралы шаралар қабылдауда”, – деді Қазақстан туристік агенттіктер ассоциациясының президенті Әсел Нүркебаева.

Сонымен қатар, ол Түркияда қазіргі таңда демалып жатқан қазақстандықтардың нақты санын да айтты.

“Біздің деректер бойынша Түрік елінде 7500 туристіміз бар. Бұл негізі тұрақты сан”, – деді ол.

Алайда, биыл былтырғы дерекке қарағанда Түркияға демалуға баратын және барғысы келетін азаматтар саны екі есеге дейін азайып кеткен.

Бұл Түркиядағы саяси-қоғамдық жағдайлармен тікелей байланысты болуы да мүмкін. Түрік елінде жыл басынан 6 ірі жарылыс болды. Ал 15 шілде күні елдің әскери тобы ел билігін басып алу үшін төңкеріс жасай жаздаған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар