Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан Ыстамбұлға ұшатын барлық рейстер тоқтатылды

Ыстамбұлдың халықаралық әуежайында болған жарылыстарға байланысты, елімізден ұшатын барлық рейстер тоқтатылды.

turkish-airlines-to-start-flying-houston-in-2013

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл ақпаратты Астана әуежайының анықтама бюросы да растаған.

Елорда әуежайындағы онлайн-таблода хабарланғандай, “Turkish Airlines” авиакомпаниясының Ыстамбұл бағытындағы TK 355 рейсі тоқтатылды. Ұшақ 29 маусым күні 03:25-те аттануы тиіс болған.

Еске сала кетсек, сейсенбі күні Ататүрік атындағы әуежайдың халықаралық ұшулар терминалында металіздеуші есіктің алдында жарылыс болған. Сәлден кейін Түркия билігі метроға таяу жерде, әуежай ғимаратында тағы бір жарылыс болғанын хабарлады.

Талқылау