Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан шыққан жолаушылар автобусы Ресей тас жолында аударылып қалды

Қазақстаннан Екатеринбургке бағыт алған автобус тас жолда аударылып қалды.

Қазақстаннан шыққан жолаушылар автобусы Ресей тас жолында аударылып қалды

Оқиға бүгін, 19 қарашада, Астана уақыты бойынша сағат 09:00 шамасында Екатеринбург-Шадринск-Қорған тас жолының 60-шақырымында орын алған.

Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Алдын ала болжам бойынша, Қазақстаннан Екатеринбургке бағыт алған автобус жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, көлік жолдан аударылып түскен. Автобуста 17 адам болған», – делінеді Свердловск облысының Жол қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспекциясының хабарламасында.

Апат салдарынан 1985 жылғы қыз зардап шеккен. Бас миы шайқалып, басы мен қолы жарақаттанған қыз Свердловск облысындағы Белоярск аулындағы ауруханаға жеткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау