Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан шетелге көшіп жатқан қазақтардың саны артып жатыр

Қазақстаннан шетелге көшіп кетуді мақсат тұтатын адамдар саны артып келеді. Тек биылғы алты айдың ішінде 15 мыңнан астам адам елімізден өзге елге қоныс аударған. Шетелден пана іздегендердің басым бөлігі орыс, неміс және украин ұлтының азаматтары.

icon150_15

Бірақ, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз елінен – Қазақстаннан қазақтар да басқа елге көшіп, бақытын жат жерден іздей бастапты, деп хабарлайды 31 арна.

Алматылық Ханифа Жақсыбаева отбасымен шетелге көшуді жоспарлап отырғандардың бірі. Ол үшін екі баланың анасы ағылшын курсына қатысып, құжаттарын реттестіріп жатыр. Ал күйеуі достарымен бірге біраз уақыттан бері Канадада тұрып, жұмыс іздеп, үйін көшіріп әкету үшін жағдай жасап жатыр екен. Ханифа да, жолдасы да жоғары білімді, бастарында үйі де, көлігі де бар. Алайда достарымен бірге балаларының болашағы үшін Солтүстік Америкаға көшуге бекініп отыр.

“Канада елін таңдауымызға бірнеше себеп бар. Біріншіден Канада үкіметі елде 3 жыл тұрған мигранттарға азаматтық береді. Әрі  өз еліңнің азаматтығыңнан бас тартуды талап етпейді”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Ханифа Жақсыбаева.

Ханифа сияқты бақытын өзге елден іздейтін қазақтар аз емес. Мәселен, тек жарты жылда 613 қазақ елден көшіп кеткен. Алайда, елдің бәрі «өзге елде сұлтан» болуды ойламайды.

— Көшкім келмейді, осы Қазақстанда жақсы.

— Не себепті?

— Ауа-райы, климат, бәрі өзіме ұнайды, тұрған жерім.

— Осы жерде тұрғым келеді, осы жерде өсіп, өнгім келеді.

— Қалып елде де жұмыс істеуіміз мүмкін. Көшуіміз де мүмкін. Көреміз енді, – дейді тұрғындар.

Статистика комитетінің деректері бойынша, елімізге көшіп келетіндер саны жылдан жылға кеміп барады. Тек шетелде тұратын қандастарымыздың көші ғана әлі үзілген жоқ. Мәселен, биыл 5 мыңнан астам қазақ атамекеніне аңсап жеткен. Бірақ, көштің де серпіні бәсеңдеген. Себебі осыдан 5-6 жыл бұрын елге келетін оралмандар саны екі есе көп болатын.

“2014 жылдан бастап шетелге кеткендер саны Қазақстанға көшіп келгендер санына қарағанда артып келеді. Мәселен, биыл жарты жылда 8 мыңға жуық адам ғана көшіп келген, ал шекара асқандар саны одан екі есе дерлік артық”, – дейді «Ranking.kz» компаниясының сарапшысы Динара Мұқашева.

Қазақстаннан көшіп кеткісі келетіндер негізгі себеп деп сыбайлас-жемқорлық, жұмыссыздық пен адам құқығының аяқ асты болуын  атап отыр. Эмигрант атанғысы келетіндердің басым бөлігі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының тұрғындары.

Тағы да оқыңыз:

Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалып кеткен жеті жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Аю өзіне сүт бермек болған ер адамның қолын қоса жеп қойды (видео)

Аптап ыстықта көлікте ұмыт қалған сәби ажал құшты

Талқылау