Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан қызын ұрлап Дубайға алып кеткен әкесі оны анасымен кездестірмей жүр

Ер адам бұрынғы әйелінен туған қызын ұрлап, оны Қазақстаннан Дубайға алып кеткен.

20170721124003

Бұл туралы The National хабарлайды.

Олар 2010 жылы үйленіп, қыздары бір жылдан кейін өмірге келген. Алайда ерлі-зайыптылар 2014 жылы ажырасып кетеді.

“Менің клиентім мен оның күйеуі өз отандарында ажырасқан. Ол қыздың өмірі үшін екі ата-ананың да қажеттілігі бар деп, әкесінің оны көріп, қыдыртып тұруына мүмкіндік беретін келісімге қол қойған”, – дейді әйелдің адвокаты Хасан Эльхайс.

Оның айтуынша, ер адам 2015 жылы қызды елден алып кеткелі бері, оны анасымен кезіктірмеген және сөйлестірмеген. Сонымен қатар, ол Дубай сотына шағымданып, экс-әйелінің үстінен арыз түсіріп, қызды өз қамқорлығына алуды көздеген.

“Біз сотқа клиентіміз бен оның күйеуінің арасында жазылған хабарлама мәтінін жібердік. Онда әйел қызын көргісі келетінін, тым құрыса дауысын естігісі келетінін жазған. Ал ер адам болса, оның сезімімен ойнап, көргің келсе Дубайға кел деп жазған. Ол жүктілігіне байланысты Дубайға бара алмай, әкесін жібереді. Ал ер адам болса ол кісіні күттіріп қойып, ақыры кездесуге келмеген”, – дейді адвокат.

Дубайда сот әйелдің өтінішімен келісіп, қызды анасына қайтару туралы шешім қабылдаған. Алайда ер адам қызды қайтармай, үкімнің үстінен қайта шағым түсірген.

Оқи отырыңыз:

Прокурорды жаралап, өзіне қол салған кәсіпкер соңғы сөзін видеоға жазып қалдырған (видео)

Қыз алып қашқан ақтөбелік жігіт 5 жылға сотталып кетті

Рәбиға Сыздықова: Қазіргілер үтірді өз білгенінше қойып сауатсыздық қалыптастырып жатыр

Қарағандыда дәрігерлердің екпесінен соң жаңа туған сәбидің жағдайы нашарлап кетті

Талқылау