Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстаннан кету қаупі төнген 8 баланың анасына еліміздің азаматтығы берілетін болды

Украина азаматы Анджела Потастың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініші бойынша ІІМ жауап берді.

Қазақстаннан кету қаупі төнген 8 баланың анасына еліміздің азаматтығы берілетін болды

8 балалардың анасы, Украина азамашасы Анджела Потась біздің еліміздің азаматтығын алуына жәрдемдесу үшін "Көпбалалы аналардың одағы" қоғамдық бірлестігі арқылы өтініш білдірген. 2002 жылдан бастап Қазақстанда тұрып келді.

Бұрын Қазақстан азаматымен азаматтық некеде тұрса, неке ресми түрде 2018 жылдың ақпан айында тіркелді. Қазақстанда болу кезінде ол тұрақты тұруға және азаматтығына қатысты белгіленген тәртіппен көші-қон қызметіне өтініш жасаған жоқ.

Сонымен қатар, "Көп балалы аналардың одағы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері Мүбараков пен Бұқаев ІІМ-нен Анжела Потоське көмек көрсетуін өтінді.

Ішкі істер министрлігі көші-қон жөніндегі комитетінің төрағасы орынбасары Сабыржан Сейітжанов қоғам белсенділерімен кездесті. Анжеланың тұрақты тұратын жерінен кету және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы бойынша толық ақпарат берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматымен ресми неке қиюға байланысты Анжела Потась тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтық алу туралы конвенцияның 3-бабына сәйкес Қазақстанда тұрақты қалуға және ел азаматтығына қабылдау үшін оңайлатылған тәртіпте Қазақстан азаматтғын қабыладуға құқылы болды.

Әлеуметтік қызметкерлер Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру үшін қажетті құжаттардың тізімін жариялады.  

Кездесудің қорытындысы бойынша қоғамдық ұйымның өкілдері қажетті құжаттарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде өткізуге уәде етті.

Көші-қон қызметі қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін Анжела Потась Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Анжела Потасьтің отбасын тастап Қазақстаннан кетуге мәжбүр екенін жазған едік.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр