Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан Египетке ұшу тоқтатылды

Египеттегі жағдайдың тұрақсыздығына орай Қазақстаннан рейс ұшпайтын болды деп хабарлайды ИА – Новости Казахстан.

3

-“Египеттегі жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Қазақтаннан туристерді ұшыру тоқтады. Және “Қоғалымавиа”  ұшағы құлауының себебі анықталғанша ол жаққа рейстер ұшпайтын болды. Бұл жағдайдың теракт болу-болмауы әлі белгісіз. Әзірге Ресей де, Египет елдері де бұл туралы ешқандай ақпарат берген жоқ. Бұл Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне орай жасалып жатқан шара “, – деді Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығының президенті Әсел Нұркебаева.

Айтуынша, теракт болмаған жағдайда рейс қайта қосылады. Ал Египетке жолдама алып қойғандарға ақшасы қайтарылады немесе басқа елдің жолдамасына ауыстырып алуға болады. Әлде біреулер Эгипетке барғысы келсе Стамбул, Эмират арқылы ұша алады.

 

 

Талқылау