Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан асырап алынған мүгедек бала 5 шақырымға жүгіріп жүр

13 жыл бұрын төрт жасында асырап алынған Тимур Фергион ауруға берілмей, 5 шақырым қашықтықты еңсеруде. Ол Колорадо штатында Гранби қаласында жүгіру спортымен айналысады. Ол америкалық әкесі Джим Фергионға алғысы шексіз.

20160926105648

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Тимур жамбас буынының қос дисплазиясымен өмірге келді, оған үш жасқа дейін бірнеше ота жасалды, 5 жасқа дейін жүре алмады. Балалар үйінде 4 жасына дейін болды.

20160926111029

Джим Фергион балаларды асырап алған кезде жасы 52-де болды. Әйелімен ажырасқан, екі баласын өз тәрбиелеп отырған еді. Оның зейнеткерлікке шығуына 4 жыл қалған болатын. Ол Брэдли халықаралық әуежайында диспетчер болып жұмыс істеді.

Ол Қазақстаннан бала асырап алу жайын қарастырып жүріп, мұнда бірнеше баланы қамқорлыққа алуға мүмкіндік берілетінін білді. Тимур өгей әкесімен алғаш рет 2002 жылы кездесті. Құжат реттеу 11 айға созылды. 2003 жылы Джим Фергион 4 жасар Тимур мен 2 жасар Әминаны асырап алады. Басында қиын болды. Себебі балалар ағылшын тілін білмеді. Тимур қайтадан балабақшаға барды.

20160926111053

Тимурға ауыр ота жасалды. Өткен қыста Коннектикутта Балалар медициналық орталығында толық сауықтырудан өтті. Ақсаңдап жүргеніне қарамастан 17 жастағы Тима ойлы-қырлы жерлермен жүгіргенді ұнатады. Найза лақтыру, сырықпен секіру, қыста сноубордпен айналысады.

“Ол керемет жігіт. Басқаларына үлгі болуда. Ол үздік командалық ойыншы”, – деді Тимурдың бапкері Деннис Лобо.

20160926111043

Қазір Джим Фергион Коннектикуттағы балалар медициналық орталығының бұрынғы медбикесі Джо-Энн Смитке үйленген. Қызы Әмина – Granby High екінші курс студенті. Футбол командасында ойнайды, жеңіл атлетикамен айналысады.

Тиманың балалар үйіндегі кішкене кездері есінде жоқ. Оның айтуынша, жүгіруде оған мәреге келу қатты ұнайды екен. “Маған алға қойған мақсатқа жеткеннен кейінгі күйім ерекше әсер етеді”, – деді ол күліп.

Оқи отырыңыздар:

Италиялық қыз өзі түскен порно видео желіге тарап кеткен соң өз-өзін өлтірді

Қытайға алапат дауыл жақындап келеді (видео)

Эквадорда трансгендерлер жұбының сәбиі пайда болды (фото)

Талқылау