Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан ақша қайда аударылып жатыр

Қазақстаннан ақша аудару бойынша екінші орында Өзбекстан елі тұр.

Қазақстаннан ақша қайда аударылып жатыр

“Қазақстаннан Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне көп ақша аударылған.  Оның ішінде Ресейге ең көп аударым, 89,4 млрд теңге жіберілген. Ал Ресейден Қазақстанға 50,6 млрд аударылған. Өзбексатанға 31,3 млрд теңге жіберіліп, оның 7,5 млрд теңгесі елге кері жіберілген”, – деп жазды ranking.kz Қазақстан экономиканы бақылау интернет-жобасы.

Қазақстаннан Түркияға 24,4 млрд теңге жіберіліп, 2,7 млрд теңге қайтарылған. Ол жіберілген сомадан 9 есеге аз. Ал, Қытайға 15,9 млрд теңге, Украинаға 5,4 млрд теңге, Әзербайжанға 4,5 млрд теңге және  Грузияға 1,9 млрд теңге аударылған. Оңтүстік Корея Қазақстанға 17,4 млрд теңге, АҚШ 4,4 млрд теңге, Германия 4 млрд теңге және БАӘ 1,3 млрд теңге жіберген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау