Қазақстанға Ресейден келетін шұжықтардың зиянды екені анықталды

Мыңнан аса шұжық арнайы сараптамадан өтіп, оның 285-і талапқа сай емес болып шықты.

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  баспасөз қызметі хабарлады.

СҚО-дағы сауда орындарындағы шұжықтарда консервант мен натрий нитраты, бояу мен левомицетин антибиотигінің қалыптан көп екені белгілі болды.

Талап бойынша шұжықтағы натрий нитраты 50 мг/кг, левомицетин 0,01 мг/кг болуы тиіс.

Ресейлік «Стародворские колбасы» өндірген «Докторская» шұжығында натрий нитраты 66,6 мг/кг, «ПОПУЛЯРНАЯ» шұжығында 60,6 мг/кг көрсеткішке тең болды.

«Бутербродная» шұжығында 109,8 мг/кг, құс етінен жасалған «Походная» шұжығында 72 мг/кг болды.

Натрий нитраты мен левомицетин антибиотигінің қалыптан көп тұтынғанда адамның денсаулығына зиян келеді.

Нитрит адамның қанына сіңіп, метгемоглобин түзеді. Ол ауа жетіспеушілігіне әкеп соқтырады.

Одан бөлек аллергия туындатуы мүмкін. Қабыну ауруларымен ауыратындарға кері әсерін тигізеді.

Комитет аталған өнімдердің көзін жойып, ел аумағы бойынша бақылауға алады. Сатып алушылар аталған өнімдерді дүкендерден көретін болса, 8 (7172) 74-26-97 нөміріне хабарласа алады.

Ресей Федерациясының тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералдық қызметіне хабарландыру жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар