Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға оралған Баян Есентаева жүзін көрсетті

Тележүргізуші және белгілі продюсер Баян Есентаева Европада біраз уақыт ем қабылдағаннан кейін Қазақстанға оралды.

e9fcdd3270b1843b7eb3231c042bf488_xl

Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында хабарлаған. “Сүйікті қаламды қатты сағынып қалдым”, – деп жазды Баян.

Суретте продюсердің тың әрі өз-өзін жақсы күткені байқалады. Ол суретке барынша ірі планда түспеуге тырысқанымен, бет-әлпеті айқын байқалады. Ал көзіне қара көзілдірік таққан.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.

Талқылау