Қазақстанға Қырғызстан мен Өзбекстаннан адам ағзасына зиян құрма жеткізіліп жатыр

Жұма, 24 Қараша , 2017 17:11

Қызылорда облысына Қырғызстан мен Өзбекстаннан адам ағзасына зиян құрма жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды КТК.

Яғни сол елдерден әкелінген жемістің ішінен жәй көзге көрінбейтін «комстог» атты құрт анықталған. Мамандар бұл зиянкестің адам өміріне ғана емес, қоршаған ортаға да қауіпті екенін айтып отыр. Сондықтан тұрғындарға құрманы тұтынарда сақ болуға кеңес береді.

Тек азық қана емес, сан-түрлі дерттің шипасы саналатын жемісті Кенжегүл Әбдіхалықова балалары үшін ұдайы сатып әкеліп дастарханға қоятын. Енді ол бұл өнімді алмақ түгілі көрместей болған. Өйткені ол құрманың ішінде адам ағзасына ғана емес, қоршаған ортаға да зиянын тигізетін құрт бар екенін естіпті.

“Қанша халықтан естіп жатырмыз, ішінде мынандай зиянкестік бар деген соң жеуге де қорқып қалдық шынын айтқанда. Жемісті жегіміз келеді.  Сырттан келіп жатқан, қанша дегенмен привозной дейді ғой”, дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Кенжегүл Әбдіхалықова.

Кенжегүлдің алаңдауына негіз жоқ емес. Себебі, Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы зиянкестер жайлаған 60 келі құрманы анықтаған. Бұл құртқа толы жеміс қолдан-қолға бақылусыз өтіп кетсе, адамдардың ауруға ұшырауы анық еді. Ал бұл зиянды өнімдер Қырғызстан мен Өзбекстаннан жеткізілген.

Сауда қоймасында карантиндік өнімге жатқызылған құрма өнімінен үлгілер іріктеп алынып, облыстық карантин зертханаға жолданылатын болады және де осы партиямен келген алма өнімдерінен үлгілер іріктеліп алынуда.

Комстог құртын қолмен ұстап, көзбен көру мүмкін емес. Оны тек микроскоппен байқауға болады. Мамандардың айтуынша, бұл зиянкестерге  толы жемістің түрі елімізде алғаш рет анықталып отырған жоқ.

“Сырттан келген өнімдерден 6 карантиндік обьект нысан таптық. Соған байланысты жою, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикамызға Қырғызстаннан Өзбекстаннан келеді”, – дейді Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Жанат Дүзелбаева.

Көрші елдерден жеткізілген көкөніс пен жеміс-жидектердің ішінен әзірге тек құрмадан ғана құрт шығып отыр. Алма да мамандардың күдігін туғызған, сондықтан тексеруге жіберіліпті. Ал аумақтық инспекция өкілдері сырттан тасымалданып жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынарда өте сақ болуды ескертеді.

Тағы да оқыңыз:

Жапонияда екі құрма 5 мың долларға сатылды

Финики құрмасының пайдасы: Сұрпы мен ерекшеліктері

Қазақстанда ер азаматтар әйелінің жатырын жалға беріп ақша тауып жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар