Қазақстандықтарға заң бойынша тегін 10 сотық жер таратылмақшы

Бейсенбі, 19 Мамыр , 2016 13:56

Қазақстандықтарға заңда көрсетілген 10 сотық жер беріле бастайды. Тегін жер телімдері еліміздің жеті аймағында дайындалып жатыр.

10_sotok

Сурет egov.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Анатолий Сапун бар өмірін көпқабатты көне үйде өткізіп келеді. Он жыл бұрын азаматтарға тегін жер беріледі дегенді естіп құжат тапсырған. Сөйтіп, әр жыл сайын жақсы жаңалықтан үміт күткен.

“2006 жылы алайын деп шештім. Керекті құжаттарды өткізсең тегін жер телімдерін үлестіретін бағдарлама бар еді. Бірақ, жер де, ештеңе де берілмеді. Әлі осы көне үйде тұрып келеміз”, – дейді Анатолий.

Жалғыз Анатолий емес, тегін жерден дәмелі болғандардың қарасы көп. Ең ұзақ кезек күткен Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарының тұрғындары екен. Павлодар облысы, осы уақытқа дейін бар болғаны 69 жер телімін ғана берген.

“2005 жылдан бері аймақта 5 мыңға жуық жер телімі берілді. Қазіргі таңда арнайы есепте 22 мың өтініш тұр”, – дейді Павлодар облыстық жер қатынастары басқармасының өкілі Райхан Елеусізова.

Заң бойынша жер су мен жарығы бар мекендерде ғана беріледі. Осылайша 10 сотық жерді беру мәселесінің ұзаққа созылуын елді-мекендердің дайын жоспарлары болмауымен түсіндіреді. Онсыз кез-келген аумаққа су мен жарық апаруға болмайды. Ал жыл соңына дейін жер телімдері ел тұрғындары үшін еліміздің 7 аймағынан қарастырылмақ. Олар – Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары. Ал қалған аймақтарға күте тұруға тура келеді.

Жер телімдерінің өте баяу берілгеніне қарамастан қазақстандықтар жеке жер телімдерін алуға деген құлшыныстарын тоқтатар емес. Кезекке тұрып, құжат тапсыру жергілікті жерлердегі Халыққа Қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін өтінішті толтырып, жеке куәліктің көшірмесін жасатып және басқа жер телімім жоқ деген анықтаманы алып келу керек.

Республикада арнайы есеп 2005 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше осы уақытта 400 мыңнан астам адам жеке жер теліміне ие болған. Үйдің құрылысы үшін үш жыл уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар жер телімін пайдаланбаса, жер мемлекетке қайтарылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

43
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Батыс Казакстан болганда Атырау га да бериледи ме. Мына жанбырдан уймиз суга кетип жатыр.

  • Айгерим says:

    Казакстанда жеп коп , халык саны аз, менин ойымша жана туылган ар сабиге (казак) 10 соты жер берилип отырса, бала 1 жаска толганда кужаттар жинап тапсырып жер телимин алса,барибир окимет акшалай сыйакы аз болинеди, жер коп шет елге жалга бергенше казактарга берилсе сол пайдалы. Бала саны да сол кезде кобейе ма деп ойлаймын.

  • Аскар Онтустик Казакстан says:

    Бул маселе барлык Обылыстарда тиркеп жатырма.Кайда барып тиркелемиз жер жок кагазды кайдан аламыз.Толык жауап берсениз дурыс болар еди

    • Мари says:

      Сонда мен 1995 ж оралман болып келдим,содан бери жер де алаалмадым,подьемный деген акшадан типти бир тиын да алаалмадык. Мангыстау обл,жер берилеме екен? 2007 ж,1989 ж туылган баламды жер кезегине койдым. Енди ен болмаса осы балама жер телими берилема?

  • Жұмбақ жан says:

    Шымкентте тиркелу журип жатырма .Былтыр барган кезде токтап тур Жерге кезекке туру токтап тур деген.Кай жерге барып тиркелемиз Кандай документ и жер жок кагазды кайда аламыз Осы малиметти анык каныгына жауап ьерсениз

  • Жұмбақ жан says:

    Жер кезегинде турган тизимди кайдан алуга болады жане кужаттарды кашаннан бастап, кайда тапсыратындыгымыз туралы толык акпарат берсе жаксы болар еди. Орал каласынын кай жагынан береди екен?

  • Жанка says:

    Қытайга бергенше неге өзімізге бермейт екен квартерияда жүрміз 4 баламен.

  • Макс says:

    Қытайға беріп болсын сосын қытайдан сатып аламыз

  • Жұмбақ жан says:

    Справканы кайдан аламыз атымда жер жок деген

    • Айгерым Атырау says:

      цоннан аласыз

    • Жұмбақ жан says:

      Халыкка кызмет корсету орталыгвнан аласыз.уйым жерим жок деген аныктаманы.тиркелген жеринизден

    • т says:

      Цон

      • Anonymous says:

        Салеметсыздерме менын алты балам бар .озым кумыс алка йегерымын окымет тарапыннан 9000тенге алам одан баска еш комек
        жок алты баламен квартйрада турамын .6 балам камлеттык жаска толмаган алатау ауданынын акымыне 10 марте комек сурап бардым маган еш комек бермеды .бйз казакпыз оз елымызде оз жерымызде кангырган дуана болдык казактардын жан айкайын ешбыракымдер естымейме сонда алде естыседе естымеген кейып таныттама.бйз казактар баспанамыз жоктыктан кйналып кеттыккой кытайга бергенше оз казагымызга бермейме бйлыктегылер казактарды кйнап лазат алама.

  • Жұмбақ жан says:

    Озимиз казактар квартирада кангып журмиз

  • Жұмбақ жан says:

    Шынымен Жер тегін беріледі ма.меним иним жети баламен квартирада.озим де уш баламен квартирадамын .окимет биз сиятыларга карайласса.

1 2 3 4

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар