Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар үшін тұңғыш рет геномдық төлқұжат алу мүмкіндігі туды

Енді кез келген қала тұрғыны Ұлттық биотехнология орталығына келіп, геномдық төлқұжат алуына болады.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Ол төлқұжат арқылы сіз өне бойыңыздағы барлық ауруларды алдын ала біліп қана қоймай, сізге қандай дәрі-дәрмек керек екенін, тіпті теріңіздің қартаю деңгейін анықтауға болады. Жыл жаңалығына айналған бұл жоба Қазақстанда тұңғыш рет ашылған.

– Мына құтыға адамнан алынған биоматериал құйылады. Ол қан немесе сілекей болуы мүмкін. Содан кейін арнайы аппаратқа салып, сканерлеп, ДНҚ нәтижесін біледі.

Ата-бабамыз ежелден жеті атаға бөліп, қан тазалығын сақтауды жиі айтатын. Себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Кезінде айтып кеткен дана халықтың сөздері бүгінде іспен дәлелденуде. Елімізде алғаш рет тапсырған қан арқылы денсаулығыңызды, тіпті болашақ сәбиіңізге қатысты мәліметтерді біле аласыз.

«Мысалы мынау әйелдерді айтсақ, болашақта ана. Болашақта келетін ұрпақта қандай аурулар болуы мүмкін? Сондай көп мәселелерді алдын ала болжауға болады», – дейді Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының орынбасары Қасен Мұқанов.

Геномика деген сала алғаш рет дүниежүзінде адам ағзасын 2001 жылы зерттеген. Осылайша араға ұзақ жылдар салып, елімізде де қолданысқа енді. Біздегі жобаның тиімділігі 3 күн ішінде қолыңызға құжатты ала аласыз. Еуропа, АҚШ және Жапонияда жасалынған жоғары технологиялық құрал-жабдықтар уақыт қашықтығын үнемдеуге қабілетті. Сонымен қатар үй жануарларына да генетикалық төлқұжат алуға болады.

«Асыл тұқымды жануарларға жылқыға болсын, ірі-қара малға төлқұжат өте қажет. Алынған төлдің әке-шешесі кім екенін анық білу керек. Асыл тұқымның болашағы сынды күллі ақпарат сонда болады», – дейді Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының орынбасары Қасен Мұқанов.

Ғалымдар алғашқы тапсырыс берушіні қабылдауға дайын. Геномдық құжаттың бағасы 6 мың теңге шамасында. Мамандар келешекте косметологтар, сондай-ақ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп жұмыс жасамақ.

Жіберіп алмаңыз:

Құлсарыда тыр жалаңаш серуендеген Теңіздің 30 жастағы сантехнигі болып шықты

Қазақстандық жүк көлігі қырғыздың жүк арбасын қалқалап қалды (видео)

Долларды 100 теңгеден сатқан жалған ақша жасаушылар ұсталған видеожазба пайда болды (видео)

Зың, дың, saebiz: сөзден де, әннен де қадір кетті…

Талқылау