Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың теңге ақша берілетіні жөнінде хабарлама келген

Денсаулық сақтау Министрлігі қазақстандықтарға тәуелсіздік мерекесіне орай 25 мың теңге көлемінде ақша беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды.

телеофн

Барша қазақстандықтарға тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың теңге көлемінде ақша беріледі деген ақпарат жалған, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«2016 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанның әр азаматына тәуелсіздік мерекесіне орай 25 мың теңге көлемінде ақша берілетіні жөнінде кейбір веб-сайттар мен порталдардар, сондай-ақ, WhatsApp арқылы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Талқылау