Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға өз баспаналарын сақтандыру міндетелмек

Қазақстанда адамдарды өз баспаналарын сақтандыруға міндеттеу жоспарлануда. Бұл жайлы бүгін ҚР Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Берік Имашев мәлім етті.

13

Сурет beti.com.ua сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жеке тұлғалар баспаналарын, жылжымайтын мүлік иелерін нысанды міндетті сақтандыру туралы жаңа заңнама әзірленетін болады. Бұл тұрғыда ТЖ оқиғасына тұрғын үйді міндетті сақтандыру қарастырылады»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар салық салу, бюджет, әкімшілік құқық бұзушылық, зияткерлік меншік және басқа да қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу қарастырылуда.

Өткен жылы министрлік 2016 жылға Үкіметтің заң жобалары жоспарын әзірлеп, онда 26 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ биылға құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша жоспарды даярлады. Бұл жоспарға 19 шара енгізілген көрінеді.

Талқылау