Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға отандық мокасиндерді сатып алу ұсынылды

Соңғы жүз жылдықта сәннен қалмай келе жатқан үнді макосиндері әлемдегі ең ыңғайлы аяқ киімдер деп танылды. Ал Ақтауда Sharkey брендімен аяқ киім өндірісі бір жылдан бері жұмыс істеп жатыр.

0b1f63db262250b93f485fc7e83820e8

Сурет karoloff media

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Фабриканы экономист Зибира Хасанова басқарып отыр. 20 жыл бұрын ашылған кәсіпорын мұнайшыларға арнайы аяқ киімдер тігумен айналысады. Ал былтырдан бастап күнделікті жүріске ыңғайланған жеңіл аяқ киімдер шығара бастады.

Әлемдегі ең ежелгі мокасин Юта штатынан табылған. Оған ғалымдар 420 жыл деп жас берген. Ал Армения жерінен 5 500 жыл бұрынғы қайыс теріден тігілген аяқ киім табылыпты.

“Біз шикізатты Италия, Түркиядан сатып аламыз. Тігу жұмыстары өзіміздің фабрикада жүргізіледі. Жақында біз “Интертоппен” келісім-шартқа отырдық, енді олар біздің мокасиндерімізді әлемнің барлық еліне сататын болады. Біздің жоғары мүмкіндігіміз – күніне 500 жұп аяқ киім шығара аламыз. Бұлар күнделікті жүргенге өте қолайлы, ыңғайлы әрі жеңіл. Былтыр Sharkey брендін таныстырып, көрсетілім жасаған болатынбыз”, – дейді фабрикас басшысы .

Хасанованың айтуынша, нарықтағы бәсекелестік өте жоғары. Әсіресе, қытай мен түрік өндірушілері алда тұр. Ол Қазақстанда жасалған аяқ киімдерге сұраныс көбейетініне сенімді.

“Теңгенің қазіргі курсты біздің айлығымызды үнемдеуімізге мүмкіндік береді. Алайда шикізат сатып алуға шығындар кетеді. Егер Қазақстанда тері өңдейтін және шикізат өңдейтін зауыт болса, онда біздің бәсекелестігіміз анағұрлым артатын еді”, – дейді Хасанова.

eb65da8103de6165c7f4e4d784e1c49b  dd7947148758d5492ab0fede71145897

Талқылау