Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға көлікті қайдан сатып алған тиімді

Қазақстандықтарға көлікті автосалоннан алған дұрыс па, әлде көлік базарынан алған ба тиімді ме? Көлікті шетелден әкелген қаншалықты қолайлы?

kupit-auto

«Колеса» басылымы қазақстандықтар үшін көлікті қайдан алған дұрыс деген тақырыпта көлемді мақала жариялады.

Осыдан он жыл бұрын көлікті шетелден алдыру тиімді болды. Қазір бұл тұрғысында импорт жоқ деуге болады.

Евразиялық одаққа мүше елдерден көлік әкелу

Евразиялық одақ қа мүше елдерден көлік әкелу мәселесінде, ең бірінші Ресей тұр. Ресейден көлік алатындар алғашқы тіркеу үшін ақша төлейді.

Арнайы базалық  төлемі 50 АЕК (2017 жылы 113 450 теңгеге тең). Көлік қозғалтқышының көлеміне байланысты коэффиценті ұлғая береді. 1 литрден 2 литрге дейінгі көлемге 794 150 теңге, 2 литрден 3 литрге дейінгі көлемге 1 134 500 теңге, 3 литрден көп көлемге 2 609 350 теңге болады.

Алғашқы тіркеу дегеніміз не? Егер көлік жаңа болса және шығарылғанына екі жыл ғана болса, 0,25 АЕК көлемінде ақы төлейсіз. 3 жылдан көп болса 50 АЕК, 3 жылдан көп болса, 500 АЕК көлеміне тең.

1

Қазақстанда Renault Duster көлігі кең таралған. 2 литрлі моторлы бұл көлік 5,6 миллион теңгеге барады.

«Ресейден көлік алудан мүлде бас тартуға болмайды. Кейде сатушылар жеңілдіктер мен науқандар өткізеді. Ондай кезде көлік ақысы әлдеқайда арзанға түседі. Ол үшін үнемі сайтты қадағалап отыру керек», – деп жазады басылым.

Қырғыстандық көліктер

Қырғызстанда көбіне оң рөлді көліктер. Оларды заңды түрде Қазақстанның есебіне қою мүмкін емес. Егер сол рөлді көлік тапсаңыз, оны Қазақстанға әкелу мәселесі тағы бар. Өйткені, Қазақстанға 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін Қырғызстанда тіркелген көліктер ғана кіргізіледі. Егер көлік мерзімнен кеш тіркеген болса, кеденде ақша төлеуге тура келеді. Армениядан көлік әкелетіндерге де осындай талап қойылады.

3ae4fa2857c932905a21369e2323583caaf

Евразиялық Одаққа мүше емес елдерден көлік әкелу

Кедендік одақтан тыс жеке тұлғаларға импорт жасауға болмайды. Оған қоса Евро-4, ABS төлемі, ISOFIX бекіту, күндізгі жарығының төлемі кедендік рәсімдеу үшін және көлікті алып келу үшін кедергі болады.

Қазір 1,5-9 литр моторлы көліктер 19 процентте тең. Оған қоса шетелден жеткізу қызметі бар. Ал, ең үлкен мәселе Эвакуатор қызметінде. Қазақстанға жеткізілетін барлық көліктерде дабылды нүктесі болу керек. Ол Кедендік одақтың талаптарына сай келуі тиіс.

ЭВАК терминалын орнатуға болады, бірақ сертификаты қымбат тұрады. Сондықтан Кедендік Одаққа мүше емес елдерден көлік алу тиімсіз. Жай тұрғын үшін мүлде мүмкін емес. Евразиялық одаққа мүше елдерден де көлік алудың тиімділігі жоқ.

Шетелден біздің елде жоқ маркаларды қарауға болады. Ал, біз жеңілдіктер мен дилер статусын анықтап, толық оқып шығуды ұсынамыз. Ресейде бұл салада ресми маркалардың атын жамылған алаяқтарға алданып қалу қаупі басым.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандықтар өз зейнетақысын алдын ала есептей алады

Қазақстандықтардың саны 18 миллионға жетті

Ақтөбелік кәсіпкер 7 жетім отбасының әрқайсысына 2-3 бөлмелі үй сыйламақ (фото)

Талқылау