Қазақстандықтарға кешікпей жүру ұсынылды

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Анатолий Башмаков қазақстандықтарды кешікпей жүруге шақырды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170529133912

«Мен жақында ғана студенттердің алдында сөз сөйледім. Бізде ақымақтыққа жататын әдептер бар. Кейбірі «Біз Қазақстанда тұрамыз» деп ақталады. Қазақстанда тұрса не болады екен? Геніміз туралы маңдайымызда жазылып тұр ма?», – дейді қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Башмаков.

«Мен кешікпей жүрем. Бұл мәдениет. Мәдениет өзіңді басқарудан басталады. Бір-бірімізді сыйлаудан бастайықшы», – дейді ол есеп беру кезінде.

Башмаков тәуелсіздігімізді СУ-27, СУ-35, танктер, әскери бөлімдер ғана емес, «ұлттың намысы» да анықтайтынын айтты.

«Намыссыз әскер де, полицей де бола алмайды. Олар сатылып кеткен соттар мен прокуратуралар. Қазақ қазақ болып , орыс орыс болып қалуы тиіс. Ал, сананы жаңғырту үшін мәдениетімізді, дәстүрмізді сақтауымыз керек. Бір данышпан «Бір ұлтты кемсіткің келсе,оның дәстүрін мазақ ет» деген екен», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, мәдениет театр, мұражай, кітапхана санымен өлшенбейді. Бұл рухани өмірдің ережесі ғана.

«Біз бір бірімізге басшымызбен ара қатынасымыз секілді қарасақ, осыдан халықтың рухы оянатын еді», – дейді Башмаков.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда адвокаттар ақысыз қызмет көрсетуге міндеттеледі

Мұғалім сыныпты жинамай қойғаны үшін оқушыны шатырдан итеріп жіберді

Желі қолданушылары анасы мен қызы жайлы жұмбақты шеше алмай әуреге түсті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар