Қазақстандықтарға 12 жасқа толмаған балаларын үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынатын болады. Осы дұрыс па?

Бұрынғы балалар омбудсмені Зағипа Балиева Қазақстанда 12 жасқа дейін балалар әрдайым  үлкендердің қарамағында болу тиіс  деген заңның шығатынын айтқан болатын. Қазақстандық ата-аналарды осы заң таңғалдырған болатын. Бұл биліктің даулы мәселесі ме, білмедік. Бірақ біз психологпен байланысып, балаларды қанша жастан бастап үйде жалғыз қалдыруға болатынын анықтадық.

Ерте кезден-ақ қазақ елі бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Ата-анасы баласымен ақылдасып, қажет кезде ұл-қызынан кеңес сұрап отырған. Психолог Жанат Смирнова да баланы жалғыз өзін үйде қалдырмай тұрып, ата-ана оған бірнеше істерді үйретуі керек деп санайды:

“Біріншіден, баланы жалғыз қалдыру үшін үйді қауіпсіздендіру керек. Оны үйде қалдыру, қалдырмау жасқа байланысты емес. Егер баланың дамуында ауытқылар болмай,  белгілі бір дағдылар сақталса, онда оны жалғыз қалдыруға болады. Ең бастысы бала 101, 102 нөмірлеріне хабарласуды, үйге біреу қоңырау шалса, соны телефон арқылы ата-анасына айта білуі керек. Бала  ойын ойнап, өз көңілін аулап, теледидарды қалай көру керектігінінен хабардар болса, тамаша. Сонымен қатар, ол газ плитасының, электрлік құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін білуі тиіс. Үлкендер балаға осының барлығын тек үйден шығарда ғана көрсетпей, жалпы күнделікті тұрмыста ақырындап үйреттулері керек.  Бір бала алты жасында жоғарыда аталған дүниелерді істей білсе, екінші бала 14 жасында үйде жалғыз қалуға қорқады. Мәселе осында. Егер үйде жалғыз қалуға қорқатын 14 жастағы жеткіншекті үйде жалғыз тастап кететін болсаңыз, баланың жүйкесі зақымдалып қалуы мүмкін. Ол жалғыз қалып үйренгенше, жанында бір адам отыруы керек”, — дейді ол.

“4-5 жастағы бүлдіршіндерді бір-екі сағатқа үйде қалдырып кетуге рұқсат етіледі. Себебі, осы жаста баланың бойында үйде жалғыз қалғанда қандай әрекеттерді қолдану керек деген сұрақтарға жауап беретін қабілеттер бар. Егер олар болмаса,  ата-анасы балаға барлығын үйрету керек. Баланы алғашында жарты, сосын ақырындап бір сағатқа қалдырсаңыз, ол өзі де үйде жалғыз қалғанға бейімделіп кетеді”, — дейді Жанат Смирнова.

Психологтың сөзінше, мектеп жасындағы баланы үйде бір күнге тастап кетуге болады. Бірақ болады екен деп, бірінші мүмкіндікті пайдаланып, үйде жалғыз жүріп көрмеген баланы бірден қалдырып кету дұрыс емес.  

Германияда 14 жасқа толмаған баланы 10 минутқа болсын үйде жалғыз қалдырған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал Ұлыбританияда 14 жасқа толмаған баланы қараусыз қалдырған азамат қылмыстық кодекс бойынша жазаланады. Қазақстанда болса, осы кодекстің “Қауіпсіздікте қалдырғаны үшін ” деп аталатын 119 бабы бойынша бұл қылмыспен ұсталған адам үш жылға бас бостандығынан айырылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар