Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың жартысынан көбі Кеңес үкіметі кезінде жақсырақ өмір сүрдік деп ойлайды

Sputnik  жобасы аясында жүргізілген сұрау-жауап  қорытындысы бойынша қазақстандықтардың үштен екі бөлігі Кеңес үкіметі тұсында, өмір сүру  жағдайлары жақсырақ болғанын айтқан.

Астана

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазды.

Мұндай саулнама  Кеңес үкіметінің құрамында болған 11 елдің халықтары арасында  жүргізілген. Бастаманы  Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының  тапсырмасы бойынша  ВЦИОМ, M-Vector, Ipsos, Expert Fikri и Qafqaz компаниясы жүргізіпті.

Барлық елдердің дерлік азаматтары арасынан 35 жастан асқандары Кеңес үкіметі тұсында өмір сүру жақсырақ болғанын айтқан. Қазақстан халқының 35 жастан асқан тұрғындары арасында жүргізілген сауалнамада  61 пайызы  бір жақ, 27 пайыз халық бір жақ болған.

Ал 25 жасқа дейінгілер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша  жастардың дені тәуелсіздіктен кейінгі өмірді жақсы деп түсінеді екен. Олар Кеңес үкіметі жайлы тек тарихтан оқыған. Азаматтардың 56 пайызы  қазіргі өмірін дұрыс көрсе, 35 пайызы Кеңес үкіметін аңсайды екен.

Мұндай саулдарға жауапты Ipsos, Expert Fikri, Qafqaz компаниясы 2016 жылдың  4 шілдесі мен 15 тамызы аралығында жүргізген. Сұрақ- жауапқа  Қазақстаннан 1000 адам қатысқан.

 

Талқылау