Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақысы кеткен Әзірбайжан банкирінің әйелі тұтқындалды

Лондонда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының 70 миллиарды салынған Әзірбайжан банкінің бұрынғы басшысының жұбайы қамауға алынды. Шетелде тұтқындалған Замира Хаджиеваға қомақты қаражатты заңсыз иемденген деген айып тағылуда, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Қазақстандықтардың зейнетақысы кеткен Әзірбайжан банкирінің әйелі тұтқындалды

Қамауға алынған Әзірбайжан банкінің бұрынғы басшысының әйелі Англиядағы ең қымбат дүкендерде сауда жасап, салтанатты өмір салтын ұстанамын деп, британдық құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің назарына ілінген.

Содан тергеушілер Хаджиеваның элиталық үй-жайларға, жеке ұшаққа және қымбат зергерлік әшекейлерге ақшаны қайдан алғанына қызығушылық танытты. Іс құжаттарында бұрынғы банкирдің әйелінің Лондонда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін шамамен 30 миллион доллар жұмсағаны көрсетілген. Сондай-ақ, қамауға алынған Хаджиевадан 16 миллион фунтқа бағаланған зергерлік бұйымдар тәркіленді.

Қазір Хаджиева тергеу изоляторында. Бұл істің мән-жайын бұдан әрі анықтау үшін бұрынғы банкирдің әйелі Әзірбайжанға экстрадициялануы мүмкін. Бұрынғы банкирдің әйелі жұбайы Джахангир Хаджиев Әзербайжан халықаралық банкінің қаржысын жымқырғаны үшін 15 жыл бойы қамауға алынғаннан кейін, ол балаларымен бірге Англиядағы тұманды Альбион аралына көшіп кетті. Ал Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәл осы банкке қазақстандықтардың жинағындағы 71 миллиардты инвестициялаған болатын.

Естеріңізде болса, бұған дейін Әзірбайжан банкирінің әйелі Harrods-та 8 миллиардқа жуық ақша жұмсағаны және бұның қазақстандықтардың зейнетақысына қандай қатысы бар екені жайлы жазған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау