Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы құнсыздануы мүмкін бе?

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева кейбір қазақстандықтың зейнетақы жинағын алдын ала шешіп алу және жинақтың құнсыздануы мүмкін екендігі туралы сауалдарына жауап берді.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы құнсыздануы мүмкін бе?

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бұл ақшаның мәні – зейнетке шыққанды пайдалану. Сондықтан мұны аса көп талқылағым келмейді. Онда бұл ақшаны не үшін жинаймыз? Егер адам қаласа, зейнетақыдан бөлек, банктегі депозитте ақша жинай алады немесе құнды қағаздар сатып алуына болады», – дейді Наурызбаева.

Сонымен қатар зейнетақы қорының басшысы БЖЗҚ-дағы 8,7 триллион теңгенің 32 пайызы шетелдік валютада сақталғанын айтты.

«Құнсыздану туралы сөз жоқ. Ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты, керісінше, біздің зейнетақылық автивіміз артты. 8 ай ішіндегі инвестициялық кіріс 2017 жылғы кіріс мөлшерімен бірдей. Инвестициялық кірісті күн сайын салымшылардың есепшотына жайғастырамыз. Салымшылардың жинағы өсуде», – дейді Нұрбибі Наурызбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау