Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың саны 18 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 18 миллиондық межеге жетті. Бұл туралы ҚР үкіметінде баспасөз мәслихатын өткізген ҚР ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов айтып берді.

9048e1f0b87f621ddf4a8a08f9fa87c2

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

“Бізде 18 миллион халық бар. Өңірлер бойынша біз біраздан бері мәліметтерді жарияламаған едік. Негізінде санау әр он жыл сайын жүргізіледі, бірақ ол туралы ақпарат тұрақты түрде жинақталып отырады”, – деді ол.

“Біз сонымен қатар, туу, өлім көрсеткіштерін есепке алып отырамыз. Келесі айда онлайн-есептегіш орнатсақ па деп отырмыз. Ол арқыла адамдар халық санының қанша болғандығын өздері біліп отырады”, – деп атап өтті Даленов.

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов бұдан да нақтырақ деректерді келтірді.

“Бізде 1 мамыр күні 17 млн 994 мың адам болды. Жалпы, бір жылда 241 мың адамға көбейген. Руслан Ерболатұлының сөзіне келетін болсақ, біз әлі 18 миллионды байқамадық, бірақ, 1 мамырда 17 млн 994 мың болса, онда мамыр айында Қазақстанда халық саны тағы да артуы тиіс”, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы ең танымал есімдер белгілі болды

Ақтөбелік кәсіпкер 7 жетім отбасының әрқайсысына 2-3 бөлмелі үй сыйламақ (фото)

Неліктен Мақсат Үсеновті әуежолаушыларының қара тізіміне енгізген жоқ?

Астанада сұғанақтар аялдамадағы кітап сөресін тонап кетті

Талқылау