Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың Рио-2016-да киетін спорттық формасының соңғы нақты нұсқасы таныстырылды (фото)

Жуырда бірнеше күннен соң Риода төрт жылдықтың басты додасы олимпиада ойындары басталады. Қазірдің өзінде біздің бірқатар спортшыларымыз Бразилия елін бетке алып ұшып кетті.

20160728150920

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ал қазақстандық спортшылардың олимпиадаға киіп баратын ресми киімі қоғамда үлкен дау тудырып, бірқатар сыни пікірлер де орын алған еді. Спортшыларымыз ашылу салтанатында “Казлегпром-Алматы” ЖШС тіккен киімдерді киіп шығады. Ал спорттық форманы “КазСПО – N” ЖШС “Zibroo” спорттық брендімен ұсынып отыр.

20160728150901

Спорттық олимпиялық киімнің жаңа дизайнының жасалу және бекітілу процесі туралы “КазСПО – N” ЖШС директоры Елена Свечникова айтып берді.

Мұндай шараларға киім дайындаудан компанияның тәжірибесі бар. Алғаш рет мұндай ірі тапсырысты 2011 жылы VII қысқы Азия ойындары кезінде жасапты. Одан кейін 2014 жылы қысқы Сочи олимпиадасына біздің спортшылар осы орталықтың киімдерімен аттанған. Сол кезде біздің форма барлық мемлекеттің арасынан үздік төрттікке енген еді.

20160728150915

“Біз мәдениет және спорт министрлігіне өзіміз сұрау жібердік бірінші болып. Бұл былтырғы жылдың жазы еді. Біз өзіміздің 15 нұсқамызды ұсындық. Шешімді спортшылар мен дизайнерлерден құралған арнайы комиссия қабылдады. Ал біз өндіруші компания ретінде комиссия қойған барлық талапты орындадық. Қазақстандықтар алғашқы нұсқаға біраз сын айтқан соң, министрлік бұл киімдер нұсқасын қайта қарастыруды талап етті. Дизайн концепциясына қазақтың ұлттық ою-өрнектері, халық шығармашылығынан хабар беретін безендірулер қолданылды”, – деді ол.

Спорттық киімдерді дайындауға отандық дизайнерлер Аида Қауменова, Аяжан Жақсыбай, Алексей Чжен және Ольга Стандар да атсалысқан. Спорттық киімдердің нақты соңғы үлгісі мамыр айының аяғында бекітілген. Дизайнерлер Рио-де-Жанейрода ауа температурасы 30-40 градусқа дейін жететінін ескере отырып, киімдердің матасын мейлінше жеңіл, ыңғайлы етуге тырысқан.

20160728150910

“Желден қорғайтын костюмде су өткізбейтін ыңғайлы CoolMax желдеткіштері орнатылыпты. CoolMax жейделері полиэстер базасындағы ерекше мата. Ол ылғалды сіңіріп алып, тез кептіріп жібереді. Шолақ шалбар – Dabl Comb созылмалы матасынан жасалған. Онда да желдеткіш бар. Ал парадқа киіп шығатын костюм жіңішке плащтық матадан тігілді. Шикізатты біз Тайваннан алдық. Себебі ол елде спорттық киімдерді тігуге арналған шикізат жасау ертеден жолға қойылған. Ал мақтаны Түркия мен Қытайдан алдыртамыз. Zibroo киімдерінде жоғары сапалы жапон фурнитурасын қолданамыз”, – дейді Елена Свечникова.

20160728150856

Жалпы, киімдер кешеніне 14 бұйым түрі енеді: парадтық костюмдер (спортшылар марапаттау рәсіміне де киіп шығады), жаттығу киімі, желден сақтайтын киім, жилет, жейде, шолақ шалбар, іштен киетін жейде, күнқағарлы қалпақ, шұлық, аяқ киім, кроссовки, сүлгі, рюкзак және сөмке. Жалпы бағасы 150 мың теңге тұрады.

20160728150852

Zibroo – балаларға және ересектерге спорттық киімдер ұсынатын қазақстандық сауда маркасы. Оның тарихы 1996 жылдан бастау алады. Сол кезде елімізде КазСПО-N компаниясы құрылған болатын.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасының да олимпиадалық киімі сынға ұшырап, кейін комиссия аталмыш жұмысты қайта қарастырған еді.

Оқи отырыңыздар:

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Риоға аттанды (фото)

Астаналық азамат Риоға баратын боксшыларды үйінен дәм татқызып, батасын берді (фото)

Танымал әнші Рио олимпиадасына арнап ән шығарды (видео)

Қазақ спортшыларының Риода қай күні жарысқа шығатыны белгілі бола бастады

Талқылау