Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың неліктен ақша жинай алмайтыны белгілі болды (Видео)

«Қазақстандықтар экономика жайлы» атты роликте қазақстандықтардың ақша жинағысы келмейтіні сөз болады. Отандастармыз оның орнына қаражатын той, тон, қымбат көліктер мен заманауи гаджеттер алуды жөн көреді екен.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желіде қазақстандықтардың неліктен ақша жинай алмайтынын баяндаған ролик пайда болды. Және ол үшін қарыз алуға да қорықпайды.

Аталған мультфильмнің авторлары Алматының музыканттары мен аниматорлары, суретшілері сынды шығармашылық топ. Олар қазақстандықтардың қаншалықты қаржы жұмсайтынын анықтау үшін қажетсіз шығындардыдың тізімін жасап, олардан қаншама үнемдеуге болатынын сөз етеді.

«Германиядан келген досымыз бізде қонақта болып, қазақстандықтардың қалай өмір сүретініне таң қалды. Ол қазақстандықтардың жаңа телефондар алуға, үлкен той-думандарды өткізуге аздаған жалақыны қалай жеткізетінін түсіне алмай қойды. Ол өзі әлі де ескі телефон ұстайды екен. Баспанасына депозитке ақша жинайды. Оның мақсаты мүлде бөлек – болашағын қамтамасыз ету», – дейді жоба режиссеры Дмитрий Щеголихин.

Мультфильм мақсаты қазақстандықтарды үнемшіл болуға үндейді. Ақшаларын жинап, қажет емес жағдайда бөлмелердің жарығын өшіріп жүруге және той-думандар мен ұжымдық кештерде тағамдарды аз тапсыруға шақырады.

Талқылау