Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың ипотека бойынша қарызы кешірілуі мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтардың ипотека бойынша қарызы кешірілуі мүмкін. Бұл туралы қоғамдық бірлестік өкілдері айтып отыр. Аталған мәселе Ұлттық банкте жұмысшылар тобының отырысында талқыланды.

Қазақстандықтардың ипотека бойынша қарызы кешірілуі мүмкін

Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған қазақстандықтардың ипотека бойынша қарызы кешірілуі ықтимал. Ұлттық банктегілер бұл ұсыныстың бүгінде қаралып жатқанын ғана растады. Алайда пікір білдіруге әлі ерте дейді.

Мұндай ұсыныстардың бірі – 1 және 2-топтағы мүгедектерді, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды, мүгедек балаларды және қайтыс болған ата-анасынан  ипотека қарызы қалған кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды ипотека қарызынан босату.

«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шолпан Ризабекова Ұлттық банк жанында,ы жұмысшылар  тобының отырысына қатысқан.

«Жалпы өздерінің төлей алмайтындай жағдайдағы 1, 2-топ мүгедектері, толық отбасы еместер, соғыс ардагерлері, зейнеткерлердің мәселесін шешуі керек. Әрине, ол шешілетін шаруа. Екіншіден мұны Ұлттық банк өте жақсы қабылдады. Бұл дұрыс деп отыр. Себебі, ол халыққа өте тиімді», – дейді Шолпан Ризабекова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау