Қазақстандықтардың ғарышкерлерді күтіп алу дәстүріне шетелдік журналистер таң қалды

Бейсенбі, 3 Наурыз , 2016 13:42

340 күн бойы халықаралық ғарыш станциясында зерттеу жұмыстарымен айналысып, көктің жүзін шарлаған НАСА астронавты Скотт Келли және ресейлік ғарышкерлер Михаил Корниенко мен Сергей Волковтар жер жүзіне келіп қонды. Жезқазған өңіріне келіп қонған ғарышкерлерді жергілікті халық қошеметпен, салт-дәстүрімен қарсы алды.

гарыш3

Ғарышкерлерді қарсы алу рәсімі ұлттық нақышта киген екі бұрымды қыздың нан мен бауырсақ, тұз ұсынуынан басталды. Бірақ, жерге енді оралушылар өкінішке орай астан дәм тата алмады. Өйткені орбитадағы ұзақ уақытқа созылған сапардан кейін олардың асқазаны жердегі қатқыл тамақтарға әлі дайын емес екен.

Нан – қонақжайлылық пен татулықтың белгісі іспетті.

“Қонақты нан және тұзбен қарсы алу орыс және украин халықтарының дәстүрі. Сіздер славяндық дәстүрдің қазақ халқы ортасына жүргенінен таңырқаған боларсыздар. Себебі – Қазақстан көпұлтты мемлекет. Мұнда барлық этностар құрметке ие”, – деп түсіндірді Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің қызметкері Айша Мұқашева.

Еске сала кетсек, НАСА астронавты Скотт Келли және ресейлік ғарышкерлер Михаил Корниенко мен Сергей Волковтар сәрсенбі күні таңертең Жезқазған қаласынан 147 шақырым қашықтықтағы аумаққа келіп қонды.

Корниенко мен Келли ғарыш сапарына 2015 жылдың 27 наурызында аттанған. Олар сол уақыттан бері ғарыш станциясында 340 тәулік өткізді. Экипаждың үшінші мүшесі Сергей Волков Халықаралық ғарыш станциясында 182 тәулік болды.

«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің командирі Сергей Волков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен екінші дәрежелі “Достық” орденімен марапатталды.

Алғашқы Франциялық әйел-ғарышкер Клоди Андре-Деэні қарсы алу сәті. 1986 жыл.

гарыш-2

Француз ғарышкері Леопольд Эйхартсты қарсы алу сәті.

гарыш

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • аң-таң says:

    таң қалдырамызда жатамыз, 50 елдің қатарына қосылдық, оған өзіміз таң қалып жатырмыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар