Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар үй сатып алғаны үшін Өзбекстанда тұруға ықтиярхат ала алады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 109 мемлекеттің, солардың қатарында Қазақстанның, азаматтары қымбат үй сатып алған жағдайда елде тұру ықтиярхатын ала алатыны туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстандықтар үй сатып алғаны үшін Өзбекстанда тұруға ықтиярхат ала алады

Бұл туралы «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«109 мемлекеттің азаматтарына жылжымайтын мүлік сатып алған жағдайда Өзбекстанда тұру ықтиярхатын алу құқығы берілсін», – делінеді жарлықта.

Басылымда аталғандай, мұндай құқық Ташкенттен немесе Ташкент облысынан кемі 400 мың долларға (151 млн теңгеден аса) үй сатып алған шетелдік азаматтарға беріледі. Ал өзге өңірлерде мұндай келісім үшін міндетті сома 100 мыңнан 200 мың долларға (37-75 млн теңгеден аса) дейін жетеді.

Азаматтары жылжымайтын мүлік сатып алған жағдайда Өзбекстанда тұру ықтиярхатын ала алатын мемлекеттер тізімін мына сілтемеден көре аласыздар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау