Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төсек қатынасынан бас тартқан қарағандылық қызға тоғыз жыл жаза кесілді

20 жастағы қарағандылық өзін секспен айналысуға мәжбүрлеген ер адамды өлтірді деген айыппен, тоғыз жылын түрмеде өткізетін болды. c350f9f788d58c1ccad4928796805687_XL

Бұл туралы Newtimes.Kz хабарлайды.

Қылмыстық оқиға 2 ай бұрын Қарағанды облысындағы Майқұдық ауданында орын алған. Жылу өтетін құбыр жанында бір топ жастар қызу күйде әңгімелесіп тұрады. Оларға Алексей есімді жігіт қосылады. Әңгіме кезінде жігіт Алла есімді сымбатты қызды сөзге тартады. Бірнеше уақыттан соң Алексей бейтаныс қызды өз үйіне шақырған. Жол бойында ол, қызға интимдік тұрғыда байланысуға кет әрі емес екенін білдіреді.

Спирттік ішімдіктер ішкеннен кейін қыз өз үйіне қайтуға жиналады. Бірақ, Алексей оны жібергісі келмей, барынша төсек қатынасына баруға шақырады. Сол кезде Алла оны тізесімен ұрып, қолына пышақ алып жігіттің жамбасына сілтейді.

Жедел жәрдемді қыз өзі шақыртады. Алайда ауруханаға бара жатқан жолда көп қан жоғалтып қойған жігіт көз жұмады.

Мемлекеттік айыптаушы Индира Янгалышеваның айтуынша, қыз бұрын сотты болмаған. «Денсаулығына келер зақымнан қорғану, қысым жасаушыны абайсызда өлтіріп алу» бабы бойынша сот қарағандылық қызды тоғыз жылға бас бостандығынан айырған. Алайда, сот шешімі әлі заңдық күшіне енген жоқ. Айыпталушы оны қайта қарауға ұсына алады.

Талқылау