Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке ақша салудан бас тартып жатыр

Қазақстанда енді жылжымайтын мүлік иемдену үшін ақша салу тиімділік әкелмейді. Өйткені, елімізде пәтерлерге деген сұраныс күрт төмендеген. Енді меншік иелеріне бағаны түсіруге тура келмек. Ал ипотекаға үй алып немесе пәтер шығынының орынын жабу үшін жалға бергендер қиын жағдайда қалып отыр.

hypothek

Сурет spectr.com.kz сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бір жылдан бері Феоктистовтар отбасының пәтері бос тұр. Ерлі-зайыптылар үйге қол жеткізу үшін 18 миллион теңге құйған. Олар жөндеу жүргізіп, сосын жалға бере саламыз деп үміттенген. Алайда, пәтер құны енді екі есеге күрт құлдырай бастады.

“Коммуналдық төлем құны қазір пәтердің жалға беру құнымен теңесіп кетті. Әзір сатпайтын да шығармыз. Өйткені, қазіргі бағасы бұған жұмсалған ақшаға да жетпейді”, – дейді Өскемен тұрғыны Анастасия Феоктисова.

Өскемен қаласының жүздеген тұрғындары да дәл осындай жағдайда қалып отыр. Қазір тәулігіне берілетін пәтерлер де қатты сұранысқа ие емес. Көбісі сағатына жалдағанды жөн көреді. Ол да сәйкесінше, көп табыс әкелмейді. Бар болғаны сағатына 1000 теңгеден есептелуде.

Пәтерді жалға беру – шымкенттік кәсіпкер Гүлмира Сегізбаеваның бизнесі. Осы іспен алты жылдан бері айналысып келе жатса да мұндай жағдайға тап болып көрмепті.

“Шын мәнінде халықтың жалақысы көтермейді. Сондықтан да қазір нарықта пәтерлер көп. Ал клиенттер аз”, – дейді Гүлмира Сегізбаева.

Бір жылдай бұрын Өскеменде 45 мыңға пәтер табу мұң болатын. Ал қазір 25 мың теңгеге бір бөлмелі пәтерді коммуналдық төлемімен қоса алуға болады. Қазақстанның өзге аймақтарындағы бағалар да осыған ұқсас. Алматы, Атырау, Ақтау сынды ірі қалалар да бір бөлмелі пәтер құны 60 000 теңге көлемінде.

Риэлторлар жуық арада жағдайдың түзелетініне сенбейді. Адамдардың сатып алу мүмкіндіктері төмендеп бара жатыр.

Талқылау