Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жаңа жылдық дастарханға қанша ақша жұмсайтындарын айтты

Жаңа жылды қарсы алуға аз ғана күндер қалды. Осы тұста Stan.kz ақпараттық агенттігі алматылық тұрғындардан мерекелік дастарханға қанша ақша жұмсайтындар сұрап көрді.

Қазақстандықтар жаңа жылдық дастарханға қанша ақша жұмсайды?

Сауалнамаға қатысқан көпшілік қазіргі таңда жаңа жылдық дастарханға артық заттар қоймайды. Осылайша олар ысырапшылдыққа жол бермейтін көрінеді. Қазақстандықтар орта есеппен алғанда жаңа жылдық дастарханға 20000 теңге жұмсайтындарын мәлімдеді. Олар бұл ақшаға басты тамақтан бөлек, 2-3 түрлі салат, жемістер, тәттілер, 1-2 түрлі тіскебасар мен сусындар алатынын айтады. Әрине, дастарханның сәнін келтіретін басқа да көптеген тағам түрлерін қоямыз деушілер де баршылық. Олар соған сай ақшаны да көп жұмсайды.

«Мен өз басым жаңа жылдық дастарханға көп ақша кетірмеуге тырысамын. Өйткені бұл мейрамда дастарханнан бөлек көп жандарға сыйлық беру керек. Сол себепті де мен ақшаны ең керекті азық-түлікке ғана кетіремін. Жобалап есептегенімде 15-20 мың теңгенің көлемінде ақша жұмсайтын шығармын», – дейді Наргиза.

Көпшілік айтқан орта есеппен алған 20000 теңгеге алматылық базардан не ала аламыз, есептеп көрейік.

Ыстық тамаққа манты болған жағдайда, оның қоспаларына 3000-4000 тг кетеді.

Салаттарға – орта есеппен алған кезде қымбаттау, әрі дәмдірегіне – 2000-2500 тг жұмсалса, арзандау түрлеріне – 1500-2000 тг кетеді. Сонда барлық салат түрлеріне 4000-5000 тг шығындалады.

Тіскебасарлар ассортиіне қандай өнімді қоятыныңызға байланысты. Ет өнімдерінен жасалған тіскебасарға мысалы қазы, шұжық сынды азық-түліктер салсаңыз жобасы 3000-4000 тг, екінші тіскебасарды көкөністерден жасасаңыз 1000-1500 тг жұмсалады.

Жемістер мен тәттілерге 5000 тг, сусындарға 2000-3000 тг көлемінде кетеді.

Әрине бұл жаңа жылдық дастарханға арнайы алатын азық-түліктің бағасы мен тізімі, әркімді әртүрлі, көптеген келіншектер қолдан пісіріп, үнемдеген ақшаға басқа да дәмді заттар алулары мүмкін. Өйткені шынымен де жоғарыда айтып кеткендей жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, көптеген сыйлықтарға, отшашу сынды басқа да нәрселерге ақша кетеді.

Аталған ақша көлемінен көбірек қаражат жұмсайтындар өз әрекеттерін былай түсіндіруде.

«Жаңа жылды жылына бір-ақ рет қарсы аламыз. Сондықтан мүмкіндік болып жатса, әрине бала-шағаға барлық тәтті-дәмділерді жасап беріп, сатып алып бергім келеді. Күнделікті жемейтін, ерекше тағамдарды жасауға тырысамын. Шетелдерде өсетін экзотикалық жемістерді дәл осы жаңа жыл мерекесінде дастарханға қоюға тырысамын. Бұлардың бәрін есептегенде 30000-35000 теңге көлемінде ақша жұмсаймын», – дейді орта есептен көбірек жұмсайтын тұрғындардың бірі Әсел.

Әрине, барлығының пікірін білу мүмкін емес. Дегенмен бұл көлемнен аз жұмсайтын да отбасылары бар.

«Әркім материалдық жағдайына қарай ақша жұмсайды ғой. Ең бастысы отбасыңмен бірге, жақсы көңіл-күймен жаңа жылды қарсы алған маңыздырақ болар. Дегенмен, дастархан жайып, шамамыз келгенше дәмді ас әзірлеп қоямыз. Енді ақшаның нақты көлеміне келер болсақ 10000-15000 теңге жуық болар. Мүмкін одан да аз. Көптеген тағамдарды өзім қолдан пісіремін», – дейді Ақмарал.

Әрине, біз бір санды жазғанмен басқасы сол қағиданы ұстанбас. Мәселе қанша ақша жұмсағанда емес, шынымен әр қазақстандықтың жаңа жыл кешіндегі көңіл-күйлері болар. Ең бастысы әрбір жанның дені сау болып, келе жатқан мерекені шын ниетімен қарсы алғаны.


Тағы оқыңыз: Жаңа жыл туралы қызықты деректер 

Талқылау