Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Жаңа жыл мейрамында қанша күн демалады

Қазақстандықтардың Жаңа жыл мерекесі кезінде қанша күн демалатыны белнілі болды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жария етті.

phpU4TKqO_53be096ef7c07942c8543ebd

Министрлік, Жаңа жыл мемлекеттік мереке болып саналғандықтан ресми түрде 1,2 қаңтар күндері аталып өтілетінін айтты. Алайда “Қазақстан Республикасының мерекелері туралы” заң бойынша мереке демалыс күндеріне сәйкес келіп қалған жағдайда демалыс күні жұмыс күніне ауыстырылады.

Алдағы жылдың 1 қаңтары жексенбіге сәйкес келеді, сол себепті ол демалыс күні сейсенбіге ауыстырылмақ. Осы ретте қазақстандықтар 31 желтоқсаннан бастап 3 қаңтарға дейін демалады.

Ел тұрғындары келесі демалысты 7 қаңтарда өткізеді. Рождество мерекесі сенбіге келеді де, жұмыс режимі мен ауысым графигіне тәуелсіз демалыс күні болып саналады. Тек ғана бір күн демалыс беріледі.

Басқа мейрамдарға қатысты да 2017 жылы бірқатар өзгерістер енгізіледі.

“2017 жылы заң нормасы бойынша демалыс күніне тұспа-тұс келген мерекелер келесі күнге ауыстырылады. Бес күндіктер үшін: 1 қаңтардан 3 қаңтарға дейін; 7 мамырдан 8 мамырға; 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға; 17 желтоқсаннан 19 желтоқсанға. Алты күндікке: 1 қаңтардан 3 қаңтарға дейін; 7 мамырдан 8 мамырға; 17 желтоқсаннан 18 желтоқсанға.

Сонымен қатар, 2017 жылы Құрбан айттың бірінші күні 1 қыркүйекке сай келеді және ол демалыс күн болып есептеледі.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада төртемнің өмірге келуі ата-анасы үшін күтпеген тосынсый болды (фото, видео)

“Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанып ұшты-күйлі жоғалған Ержан Еліков АҚШ-тан табылды

Әйел балаларын пәтерге тоғыз күнге қалдырып кетіп оларды аштан өлтірген

Әнші Абай Бегей ауруханаға түсіп қалды

Талқылау