Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы мүмкін

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 23:30

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарын ауыр сырқаттарды емдеуге, білім алуға және жылжымайтын мүлік сатып алуға беру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

жинақ-қор

Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазіргі таңда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға заңмен тыйым салынған. Зейнетақы иммунитетін сатып алуға зейнетақы жинағы жеткілікті болып, әйелдер 50, ал ер адамдар 55 жасқа толған жағдайда ғана қаржыны мерзімінен бұрын алуға болады. Басқа жағдайларда ақшаны алуға тыйым салынған», – деді ол.

Дегенмен, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, қазіргі таңда шетелдік тәжірибе негізінде бірқатар өзгеріс енгізу қарастырылуда.

«Бүгінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда қаржыны бірінші қажеттіліктерге мерзімінен бұрын алуға қатысты халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр, оның ішінде Малайзия, Сингапур, бірқатар Еуропа елдері бар. Ең алдымен, бұл ауыр сырқаттарды емдеу, білім алу және жылжымайтын мүлік сатып алумен байланысты шығындар болуы мүмкін. Бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр», – деп түсіндірді Ерденаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар