Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар визасыз саяхаттай алатын әлемнің ең керемет 15 елі (фото)

Жазғы демалыс уақыты  жақындап қалғандықтан, виза рәсімделуіне уақыты мен ақшасын шығындауды қаламайтын қазақстандықтарға арнап әлемнің ең керемет елдерін ұсынамыз.

Отандастарымыз визасыз саяхаттай алатын  ең танымал мемлекеттер алдында Ресей, Қырғызстан, Түркия мығым орын алған. Алайда жазғы демалысыңызды ғұмыр бойы есте қаларлықтай өткізуге болатын елдер қатары аталғандармен шектелмейді.

1. Армения

armenia

Армения — асқар таулы, ну орманды, өріктер мен ең дәмді кәуаптың дәмін татып көре алатын нағыз қонақжай мемлекет. Оған қоса, көне монастырларьға бай. Мемлекеттің туристер жиі баратын көрікті жерлері – Татев, Нораванк, Агарцин, Гегард.

Саяхаттау мерзімі – 90 күнге дейін

2. Әзірбайжан

7028210-1000-1456926238-Cities_Night_in_Baku__Azerbaijan_094871_

Губа ауданының Галахудат және Хыналыг ауылдары  мемлекет бойынша халық ең тығыз орнласқан жерлер болып табылады. Аталған ауылдар 2400-2500 метр биіктікте орналасқан. Ондағы мәдениет те, тұрғындар да — өзге өңірлерлегі әзірбайжандарға қарағанда ерекше. Тарихы мен табиғаты сырға толы  Шеки, Габала, Исмаиллы және Гусар қалаларында саяхаттағаныңызға еш өкінбесіңіз анық.

Саяхаттау мерзімі –  90 күнге дейін

3. Колумбия

7028310-1000-1456926238-4445c5c7fe2b4576a46d2bd94405e4f0_1024_768

Колумбия — табиғаты көркем, көне үнді қалалары мен жағалауларына, шипажайға толы мемлекет. Әдемілігі бойынша Богота мен Санта-Мартадан кем түспейтін ғажайып Картахена қаласы естен кетпес әсер сыйлайды.

Саяхаттау мерзімі – 90 күнге дейін

4. Корея Республикасы

gyeongbokgung_1

Оңтүстік Корея мемлекеті шипалы минералды қайнар бұлақтары, құмды жағажайлары, бағзы замандардан сыр шертетін ескеркіштері, тау шаңғы шипажайларымен танымалдыққа ие. Заманауи Сеул, түрлі бояулы Инчхон, Чеджудо шипажай аралдарының көз тартар сұлулығы мен ерекшелігін сөзбен айтып жеткізгісіз.

Саяхаттау мерзімі – 30 күнге дейін

5. Украина

Kiev-Pechersk-Lavra

Украина мемлекеті Қара теңіз жағажайлары және Карпат тау шаңғы шипажайымен құшақ жая қарсы алады. Мұнда Полтава, Запорожье, Киев қалаларына экскурсиялық саяхат жасап, Трускавцеде ем алып, шипажайларда демалуыңызға болады.

Саяхаттау мерзімі – 90 күнге дейін

6. Малайзия

малайзия

Малайзия — құрлықтық және аралдық мәдениет қатар көрініс табатын қос мәдениетті ел. Ғимараттары аспанмен тілдескен ел астанасы Куала-Лумпур Калимантана жағажайларымен көршілес жатыр. Ал дәстүрлі базарлар мен заманауи дүкендерде туристер легі үзілген емес.

Саяхаттау мерзімі – 30 күнге дейін

7. Моңғолия

7028960-1000-1456926238-26-libby-zhang

Моңғолия — бұл ұлан-ғайыр дала мен мөп-мөлдір көлдер, қар басқан Алтай шыңдары мен Гоби шөлі, буддизм дінінің таңғажайып ескерткіштері мен жан біткен Шыңғыс хан тарихы. Мұнда саяхаттаушылар жарқын фестивальдардың куәсі болып, қонақжай елдің бай дастарханынан дәм тата алады.

Саяхаттау мерзімі – 90 күнге дейін

8. Сейшель аралдары

6384155-21-Zimniy_otdykh_na_Seyshelakh

Сейшель аралдары — жас жұбайлар жиі саяхаттайтын ғаламат жер. Үнді мұхитының жүрегінде орналасқан жұмақ мекенде  керемет 115 арал бар. Олардың 30-ында ғана адамдар мекен етеді.  Бұл жердегі ақ құмды, кең алқапты, оңаша шипажай түрлерінің молдығы таңдауыңызға ерік береді.

Саяхаттау мерзімі – 14 күнге дейін

9. Индонезия

Indonezia3

Ұмытылмас Индонезия —  экзотиканың өзегі іспетті: Балидың алғашқы қалпын сақтаған табиғаты мен Суматра аралдарының қара құмды жағажайлары, Ява сарайлары мен Калимантан аралының жауынды ормандары. Бұл елде жағажайларда белсенді демалыс өткізіп, серфинг мініп, эксурсиялық саяхат жасай аласыз.

Саяхаттау мерзімі – 30 күнге дейін

10. Филиппиндер

rice_terraces_9

Өзіндік туристік ерекшелікке ие 7107 аралдың қайсында болмасын би кештері мен клубтарда сауық-сайран құрып, табиғат аясында оңаша қалуыңызға жағдай жасалған. Тамаша ауа райы, таңғаларлық өсімдіктер мен жануарлар әлемі, керемет жағажайлар – мұның барлығы Филиппиндерге тиесілі.

Саяхаттау мерзімі – 30 күнге дейін

11. Грузия

Tbilisi-Retina

Грузия Қара теңіз жағажайлары, тау шаңғы шипажайлары, жүзім бақтары, көз тартар жерлері және айрықша асханасымен қуантады. Қонақжай, ет-жүрегіңді баурап, жылу сыйлайтын Грузияда ескі қамалдар, ғимадатханалар, шипажайлар баршылық.

Саяхаттау мерзімі – 90 күнге дейін

12. Аргентина

goroda-kotorye-neobxodimo-posetit_211

Танго биінің отанында теңіз және тау шаңғы шипажайлары бар. Қызығы мол Сальта, Кордоба, Эль-Калафате, Ушуайя қалалары саяхатшылар кеудесінде естен кетпес әсер қалдырады.

Саяхаттау мерзімі – 30 күнге дейін

13. Өзбекстан

hiva3_1

Өзбекстан – Ұлы Жібек жолының қазынасына бай мемлекет. Самарқандтағы мешіттер, Бұхарадағы керуен-сарайлар, көне Хиуа мен заманауи Ташкентті мемлекет мақтанышы деуге болады.

Саяхаттау мерзімі – 90 күнге дейін

14. Гонконг

0_c1157_122db19e_XXL

Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы Гонконг – қаржылық, саяси және туристік орталық. Сансыз зәулім ғимараттар мен сауда орталықтарынан бөлек, бұл жерде тамаша жағажайлар да бар. Гонконгте “Диснейлендте”, Жұлдыздар аллеясында, зоологиялық және ботаникалық бақтарда саяхаттап, дельфиндер шоуын тамашалай аласыз.

Саяхаттау мерзімі – 14 күнге дейін

15. Молдавия

mold3

Молдавияның аумағы шағын ғана. Алайда мұнда қызыққа толы мекендер аз емес: мемлекеттің Флорешт және Оргеев аудандарындағы Реут өзенінің арнасы, тамаша табиғатты Единец, Бричан, Рышкан, Глодян аудандары бар. Жолыңыз түсіп, Молдовияға бара қалсаңыз, міндетті түрде Кишинев пен Тираспольде саяхаттағаныңыз жөн.

Саяхаттау мерзімі – 90 күнге дейін

Қазақстандықтар Беларусь, Тәжікстан мемлекеттерінде де визасыз саяхатттау мүмкіндігіне ие екенін атап өтеміз. Қытайлық Хайнань аралында визасыз 2 апта бойы күнге қыздырынып, жаздың рахатын сезіне аласыз.  Туристер арасында танымал Тайланд, Вьетнам, Лаос, Шри-Ланка, Непал, Макао, Иордания мемлекеттеріне саяхатқа аттану үшін шекарада виза алуға болады. Ал ұшақта ұзақ уақыт ұшудан қорықпайтындардың естеріне Палау, Микронезия, Кука аралдары, Барбадос, Эквадор мемлекеттерін сала кетуді жөн көрдік. Бұл елдерде 28-31 күн аралығында саяхаттауыңызға болады.

Талқылау