Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ұрық доноры болу арқылы қалай ақша табады

Бүгінде Қазақстанда 10 мың бала жасанды ұрықтану жолымен дүниеге келген. Күн өткен сайын ұрық доноры болатын ер адамдар саны азайып келеді.

donorstvo-spermy

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Ұрық тапсырушы 100 адамның 10-ы ұрық доноры болуға жарап жатады. Олар бір өткізген ұрық үшін 15 мың теңге үлесін алады.

Алматы тұрғыны Сержан ұрық доноры болуы кәсіпке айналдырған. Ол әр ай сайын емханаға барып ұрық өткізіп тұрады. Ол үшін жақсы ақша да алады.

“Менің қанша балам бар екенін, олардың қайда тұратыны жайлы мүлде хабарсызбын. Тек сенімді қолда, табысты отбасында өмір сүріп жатқандарын білем”, – дейді Сержан.

Ол 3 ай сайын ауру-сырқаудан амандығын білу үшін тексеруден өтіп тұрады. Ал Ұлыбритания тұрғыныұ ұрық доноры болу арқылы 800 баланың әкесі болғанын анық біледі. Ол клиенттерді әлеуметтік желі арқылы табады. Оның жылдық табысы 150 мың долларды құраған. Сондықтан тұрақты жұмысын осы кәсіпке түбегейлі ауыстырыпты.

“Ұрық доноры болу үшін де жауаптылық талап етіледі. Донор арақ-шарап ішпеуі, дәрілер қабылдамауы, әркіммен жыныстық қатынасқа түспеуі, суық тигізбеуі керек. Оның бәрі тексеріс кезінде анықталады”, – дейді медициналық орталықтың директоры Алмагүл Ахметова.

Жасанды ұрықтану жолымен бала көтеруге жалғызбасты әйелдерден бөлек жұбайлар да келеді. Бұрындары ерлі-зайыптылар өз түрлеріне қарай отырып донордың дене бітімін, көзінің түсін, руын, ата-бабалары жайлы сұрастырып таңдау жасайтын. Қазір донорлардың аздығына байланысты олар дәрігерлердің ұсынғанын қабылдауға мәжбүр.

Әлеуметтік желіде донор болуға хабарлама бергендер саны көп. Алайда, дәрігерлер олардан қауіптілік болуы мүмкін екенін айтады. Себебі, желіде хабарлама жариялайтындар арнайы тексерістен өтпейтіндер. Олар түрлі дерт болуы мүмкін.

Елімізде ұрықтандырудың ақысы 200 мың теңгеден жоғары.

Қаладағы жігіттерден сауалнама жүргізгенде көпшілігі ұрық доноры болуға дайын екендерін айтқан. Яғни, 10 мың теңге үшін ұрығын өткізетіндер табылып жатады.

Жіберіп алмаңыз:

Қалыңдық комадан есін жиған соң жалаңаш күйінде тұрмысқа шықты (фото)

Қостанайда көлігіне балағат сөз жазып алған жүргізуші жазаланды

Салмағы 500 кг-ға жеткен әйел президенттен көмек сұрады (фото)

Ата-аналарға кеңес: балаңызға ойыншық таңдай білесіз бе?

Көкшетауда 20 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

Талқылау