Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар университет ректорларын өздері таңдай алатын болды

Жақын жылдарда қазақстандықтарға ЖОО ректорларын таңдау мүмкіндігі берілмек. Әр университетте пайда болатын арнайы бақылау кеңесі үміткерлерлі бағалайтын болады.

109816

Сурет ironpost.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

“Бақылаушылар кеңесіне үлкен құзірет берілмек. Оның өкілдері университеттің даму жоспарын бекітіп, ректорлыққа үміткерлерді іріктейді және оқу орнының проректорын да тағайындайды”, – деді Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

Астаналық шенеуніктер тек бақылаушылар кеңесі мақұлаған үміткерді ғана университет басшысы ретінде тани алады. Кеңес мүшелігіне жергілікті билік, бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қарапайым азаматтар ене алады.

Балықбаевтың айтуынша, жоғарғы оқу орындарында аталған кеңес құрылғаннан соң, дәл сондай кеңестер мектептер мен колледжерде де өз жұмысын бастайды. Әзірге, мектептердегі аталмыш бақылаушылар кеңесінің директорларды таңдауға құқығы бола ма, жоқ па белгісіз.

Талқылау