Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар төлем карталарынан ақшаның жоғалып кеткеніне шағымдануда

Ондаған адам әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында түнгі уақытта түсініксіз транзакциялардың жасалынғанын жазып, шағымданды. Кейбір адамдардың ақшасы қайтарылған, ал кейбір адамдардікі қайтып төлем карталарына түспеген. Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың сөзінше, банк осы мәселені шешіп, ақшаны қайтарып беруге уәде береді. Дегенмен түнде жоғалған ақшаның саны өсіп келеді. Ал адамдар болса “ұл шынымен де жүйенің ақауы ма?”, “транзакция неге түнгі уақытта жасалынды?” , “осы жағдайға адамдық фактордың қатысы болу мүмкін бе? “, ” мүмкін қаржылық тергеу жұмыстарын жүргізу керек шығар” деп пікірлерін білдіруде.

“Егер ешқандай хабарлама келмесе, олар тұтынушыға зақым келтіруде. Осы жағдайда тұтынушы оған келтірілген зақым үшін оларды жазаға тарта алады. Кез келген жағдайда, ең алдымен Ұлттық банкке бару қажет. Олардың ісі дұрыс не бұрыс екенін анықтап алған жөн. Сосын сотқа дейінгі шағымдаманы жіберу керек. Егер бұл мәселе сотқа дейінгі тәртіпте шешілмесе, сотқа арыз жазылады. Мәселе сотта шешіледі”, —дейді тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын Ұйымның басшысы Жаслан Аймағанбетов.

 

Талқылау