Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар тағы да көлік сатып алу үшін Ресейге ағылып жатыр

Қаңтарда көлік сату жөніндегі хабарландыруды оқушылар саны желтоқсан айымен салыстырғанда екі есеге өскен. Кесте бойынша, 10 қаңтардан бастап Белоруссия, Қазақстан Украина, Армения елдерінен көп қаралған.

7eae067223681bf3d322c87c078ce2f5-big

Бұл туралы «Коммерсант» газеті хабарлайды.

Рубльдің былтырғы жылғыдай тағы құнсыздануы, әсіресе, сырт елдерден келіп көлік алатындар үшін тиімді. Ресей мен, мәселен, Белоруссия еліндегі көлік бағасын салыстырар болсақ, бірнеше мың евро айырмашылық байқалады. Қаңтардан бастап көлік сату ресурстары мен дилерлері Ресейден ТМД мен Европаға шығарылатын автокөліктердің бағасы бірден өскендігін белгілейді.

«Авто.ру» мәліметінше, Ресейде 2011 жылғы BMW X5 көлігінің бағасы 20 мың евроға бағаланады. Ол Беларусияда 26 мың евро, Германияда 29 мың евро тұрады.

«Авто.ру» өкілі Екатерина Карнаухова мұны доллар мен евро курсының бірден өзгеруімен байланыстырады. Оның айтуынша, көлік сатып алушыларға көлікті Ресейден алып, айдап кеткен әлдеқайда тиімді.

“Авто.ру” және av.by, kolesa.kz и mobile.de сайттарында жарияланған хабарламалар желтоқсан айына қарағанда 26 пайызға артқан.

Ресейден BMW X5, Audi A6, Mercedes-Benz E-klasse, Kia Sportage и Volvo XC90 көліктері көп сатып алынады. Rambler&Co көлік жобасы департаментінің директоры Олег Голубцовтың айтуынша, 50 пайыз тұтынушы Беларусия мен Украинадан келеді екен.

Талқылау