Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шет ел шипажайларында демалудан бас тартып жатыр

Теңге курсының құлауы қазақстандықтардың шетелде демалу жоспарларына да біраз өзгерістер алып келді. Түркияға кетіп жатқан еліміздің туристері мейлінше арзан қонақүйлерді жалдап, әдеттегіден аз күнге барып қайтып жатыр екен. Бұдан бөлек, қазақстандықтар Европаға, Тайланд пен Гоаға да онша бара бермейтін болды. Осы жылы есесіне Ресей, Грузия, Армения мен Қырғыз шипажайларына барған еліміздің өкілдерінің саны көп.

image124763

Сурет news.caravan.kz

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Мысалға, Ыыстықкөлде бір апта демалып қайтудың құны орта есеппен алғанда 55 мың теңгені құрайды. Сочидегі ең керемет қонақүйде бір түн түнеп шығу үшін 12 700 теңге төлейсіз. Ал ең қолжетімді жағажай Қырымда деседі: әр адамға 3 мың теңгеден басталады.

“Шетелге ағылып демалуға кететіндердің саны азайды. Адамдар қызығушылық танытып сұрастырғанымен, барып жатқан жоқ”, – дейді тур-агенттік менеджерлерінің бірі Айгүл Атантаева.

Отандық туристік ассоциация жүргізген зерттеу бойынша ұлттық валюта курсының құлдырауынан соң қымбат демалыс орындарына деген сұраныс та 80 пайызға күрт төмендеп сала берген. Ассоциация биылғы жылдың антикрекордтық көрсеткішке жеткені сонша чартерлық рейстар мүлде болмады дейді.

“Біздің еліміздегі демалыс орындарында әлі күнге шетелдегідей инфрақұрылым жоқ. Біздің еліміздегі ішкі туризм тек демалыс күндері ғана қызады. Яғни, өте қысқа уақытқа ғана жұмыс істейді”, – дейді қазақстандық туризм ассоциациясының директоры Рашида Шайкенова.

Ақтауда демалудың бағасы мынадай: жағажайда демалу – 1000 теңге. Егер клиент қонақүйден нөмір алса, онда жағажайда да тегін жата алады. Нөмір құны 31-75 мың аралығында. Бұл ақшаға тек таңғы ас ғана кіреді. 16 жасқа дейінгі балаларға 8 мың теңгеден төлеу шарт.

“Олардың сапасы мен бағасын бір ретке келтіру керек. Өкінішке орай, бір-бірімен қиыспайтын құбылыс жүріп жатыр біздің нарықта. Бірақ, атап өту керек қазіргі кезде Алматы мен Астана маңында сапасы жанға жайлы шипажайлар мен демалыс орындары баршылық. Өйткені, жыл сайын бәсекелестік артып келе жатыр”, – дейді Шайкенова.

Турагенттердің бақылауынша, соңғы кездері әуе билеттеріне деген сұраныс өскен. Қазір әр тәулік сайын 1000 онлайн-билет сатылатын көрінеді.

airbnb.com танымал интернет ресурсындаға ұсыныстарға көз жүгіртсек, жылжымайтын мүлікті жалға алу бойынша Анталиядан көп нұсқа шығады. Онда тәуліктік бағалар 20 доллардан басталады. Дубайда бұл көрсеткіш – 176 доллар.

Жақын күндері Қазақстан үшін қолжетімді бағыт болуы мүмкін ел – Египет. Мемлекет билігі бұл бағыттың қауіпсіздігіне сенім артып отыр.

Талқылау